Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2019 г.
1 252
0
Аймақтың басты табыс көзі – мұнай өндіру көлемі жыл өткен сайын кеми түсуде. Әйтсе де экономиканы әртараптандыру бағытында қолға алынған жүйелі жұмыстар нәтижесінде облыстың жалпыөңірлік өнімнің көрсеткіші төмендеп отырған жоқ.
ҚОҒАМ
14 мамыр 2019 г.
694
0
Облыс орталығында Бейбарыс Сұлтан көшесінен бастау алып, Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықты қамтитын жолда қызылордалықтар өзенді жағалай жүріп, әсем жағалауды тамашалауға да мүмкіндік алды. Ал, даңғыл бойындағы дарияның оң және сол жағалауын жалғайтын үлкен көпірден ауқымды құрылыс алаңына көз тастауға болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2019 г.
409
0
Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енуі – Сыр бойының ғана емес, күллі түркі халықтарының мәдени және рухани өміріндегі зор жетістік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2019 г.
594
0
«Сыр – Aлaштың aнaсы» деген Елбaсы сөзі сырбойылықтармен қатар дүйім елдің аузындағы сөз маржанына айналды. Қызылорда жайлы әңгіме қозғала қалса, оның тарихтағы, бүгінгі күнгі орнын осы сөзбен кестелегенде, рухымыз көтеріліп қалады. Тәуелсіздік алғалы бері Елбасының қалтқысыз қамқорлығына бөленген жұртшылық еңбекке деген құлшынысын еселеп, алдыңғы қатардағы аймақтардың сапына енді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2019 г.
611
0
Естеріңізде болса, былтыр көктемде, дәлірек айтқанда, 17 наурыз күні Арал қаласында тұрғын үй апаты орын алды. Сол күні кешкі сағат 18.10 шамаларында Арал аудандық №3 өрт сөндіру мекемесінің кезекші бөліміне Арал қаласы, Жароков көшесі №2 мекен-жайда орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабаты құлағаны туралы хабар түскен.
ҚОҒАМ
14 мамыр 2019 г.
770
0
Бүгінде аймақтағы өнер ұжымдары алыс-жақын шетелге де шығып, Сыр елін танытып жүр. Соның бірі, онжылдық тарихы бар «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі. 12 өнерпаздан құралған ұжым сәуір айында ғарышкерлер күніне орай Мәскеудің Кремль сарайында өткен шарада өнер көрсетсе, өткен жылы Лондонның «Victoria Embankment Gardens» саябағында өткен Наурыз тойына қатысып, екі бірдей концерт қойды. Осылайша, өнерпаздар Ұлыбритания аспанын Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Ықыластың «Жезкиік», халық күйі «Ел айрылған» сынды шығармалары мен әлемдік классикалық туындылар және жыр-термемен көмкерді.
РУХАНИЯТ
14 мамыр 2019 г.
437
0
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде денсаулық сақтау саласы жылдамдықпен дамуда және осы саладағы реформалардың барлығы да Елбасы бастамасымен жүзеге асып келеді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуінің негізгі шарттарының бірі – халық денсаулығының жақсаруы. Осы орайда республикада, оның ішінде облыста денсаулық сақтау саласында да ауқымды істер көп.
ҚОҒАМ
14 мамыр 2019 г.
626
0
Халықтың тарихы дегеніміз – шын мәнінде тұлғалардың тарихы. Ел есінде қалатын тарихты да тұлғалар жасайды. Сейілбек Шаухаманов – тек қана облыс емес, республика тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі еді.
ТАҒЫЛЫМ
14 мамыр 2019 г.
895
0
15 мамыр – мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың туған күні. Қайталанбас тұлғаның мәңгілік сапарға өткеніне де жылға жақындап қалды.
ТАҒЫЛЫМ
14 мамыр 2019 г.
1 643
0