ЖЕҢІЛДІКТІҢ ДЕ  ЖҮГІ БАР

ЖЕҢІЛДІКТІҢ ДЕ ЖҮГІ БАР

 Ауыл баласының арманын орындауға сеп болатын «ауыл квотасы» деген бар. Мұны оқуға түсуге талпынған әрбір түлек жақсы біледі. Бұл өзі қалаған мамандық таңдау конкурсында қалалық замандастармен білім жарысында ауыл баласына сәл артықшылық береді. Арманға жету үшін бұл да сеп. Бір қызығы, қала баласының да осы квота үшін мектептің соңғы екі жылын ауылға келіп оқитын көріністер кейде байқалып қалады. Алайда, ауыл жеңілдігінің артар жүгі бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. 
ЖАРНАМА 07 сәуір 2019 г. 1 174 0

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ҚАЛАМГЕР

Белгілі қаламгер, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» ор­денінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әлмәмбет Әлішев 80 жасқа толып отыр. 
ТАҒЫЛЫМ 07 сәуір 2019 г. 599 0

ОТБАСЫМ – МЕНІҢ ТІРЕГІМ

ҚР Жоғарғы СотыныңТөрағасы Ж.К.Асановтың бастамасымен сот жүйесінде жеті түйін пилоттық жобалары іске асырылуда. 
АҚПАРАТ 07 сәуір 2019 г. 639 0
ШӨЛСТАНҒА   ШАБУЫЛ

ШӨЛСТАНҒА ШАБУЫЛ

 Менің туған ауылым – Көкаралдың Аққұмы дария атырауының өкпе тұсында. Аспан ашық күндері дария­ның теңізге құярлығы сонау көктегі күн астында айнадай жарқырап жатады. Екі аралық асқанда 20 шақы­рымдай. Біздер, жалаңаяқ жорытқан ауыл балалары Сарытөбе деп аталатын теңіз жағалауындағы енапат құм төбенің басына шығып алып ойнайтынбыз. Сол төбе үстіртінен қарсы беттегі алып теңіздің айдынында жүз­ген тірі ноқаттың бәрі көрінеді. Сонау көз ұшында теңселген балықшы қайықтарын бұлың-даған сағым тол­қындары теңіз бетінен көтеріп әкетердей көрінетін. Бүгін көрген қызықтарымыз ертең қайталанбайтын ғажайып көріністер өзіне еріксіз еліктіреді, ұзын-сонар қиял әлеміне алып ұшады. Бір сәтте сол-сонау сиқырлы дүниенің тұтас шымылдығы арасынан сағым көтерген ұбақ-шұбақ ұзын көш – теңіз керуені көрінер еді бар салтанатымен. Біздер қанша аунағанымызда үстімізге қы­лау жұқпайтын Сарытөбенің асыл топырағына жапа-тармағай етпеттей жата-жата қалып, қос алақанымызбен жағымызды таянып жіберіп, сонау қиырдағы көш-керуеннің тіркемелерін санай бастаймыз. Біреу, екеу, үшеу... кейде 5-6, кейде 7-8 тіркеме болады, кейде он, тіпті он екіге дейін барады. Мәссаған-н деп шулаймыз. Көз ұшындағы сол ғажаптың қызығына тоймайтынбыз, көзіміз жасаурап тал­ғанша алыс қиырға ұзатып салудан жалықпайтынбыз.
ӘДЕБИЕТ 07 сәуір 2019 г. 2 137 0
ҰҚК Қызылорда облыстық полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады

ҰҚК Қызылорда облыстық полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерін ұстады

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғани Төлебаевты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2019 г. 1 162 0
Күніне неше литр су ішу керек - ВВС

Күніне неше литр су ішу керек - ВВС

 Мамандар шаршағанда немесе тері құрғағанда дәрінің орнына су ішуге кеңес береді. ВВС басылымының жазуынша, 19 ғасырда тіпті гидропатия, яғни сумен емдеу ғылымының негізі қаланыпты. Дегенмен, бүгінгі таңда біреулер күніне екі литр су ішу керек десе, бірі шөл қысқанда ғана су ішу керектігін айтып жатыр. Басылым осы мәселені жан жақты талдап жазады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ТАНЫМ 07 сәуір 2019 г. 1 180 0
7 сәуір күнгі ауа райы болжамы

7 сәуір күнгі ауа райы болжамы

 7 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс және шығысында жауын жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, екпінді жел сақталады, батыста найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 сәуір 2019 г. 715 0