«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 190 Жарлығына сәйкес, 2019 жылғы 13 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
1 032
0
Сыр өңірінде облыс, аудан орталықтары ғана емес, аймақтағы ауыл тұрғындары да көгілдір отын игілігін көре бастады. Ұзаған жылдың қараша айында Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев және Бидайкөл елді мекендері табиғи газға қол жеткізіп, ауылдағы ағайын мәре-сәре болып қуанып қалды. Иә, аймақты газдандыру жұмыстары қалың елдің көз алдында. Нақты кезеңде облыс халқының 64 проценті, ал Қызылорда қаласы тұрғындарының 95 проценті табиғи газ тұтынып отыр. Бұл мүмкіндікке Елбасының тікелей бастамасымен қол жеткізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
620
0
Облыстағы жалпы білім беретін 294 мектептің барлығы асхана, буфеттермен қамтылған. Дегенмен, ондағы тазалық пен ас мәзірі, тағамдар сапасы қай ата-ананы болса да алаңдататыны анық. Жуырда республика бойынша «Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы басталған-ды. Осы орайда қызылордалық партия мүшелері бірқатар мектепке мониторинг жасады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
820
0
Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» біріншісі – әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру. Осы мақсатты көздеген «7-20-25» бағдарламасы талай отбасының үмітін оятты. Себебі, бағдарлама кез келген отбасы жағдайына қарай бөліп төлей алатындай несие алып, баспанаға қол жеткізуін қамтамасыз ету еді. Біріншіден, несиенің проценті арзан, алғашқы жарнасы да, несие мерзімі де қарапайым халықтың жағдайына орайластырған. Шынында пәтерден пәтерге көшкен отбасы үшін бұл үлкен мүмкіндік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
454
0
Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Мира Қазбекова тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
1 700
0
«Zhas project» – жастарға арналған бірегей бағдарлама. Жоба аясында кәсіп бастаймын деуші, еті тірі, ебі мол, тірлігі тындырымды жастарға қайтарымсыз негізде грант тағайындалады. Ереже бойынша жас кәсіпкерлер алғашқы алты ай көлемінде халыққа тегін қызмет көрсетуі қажет. Бүгінде облыс бойынша осындай 266 жоба қайтарымсыз грант қаражатына ие болды. Соның бірі – жас кәсіпкер Бексұлтан Өткелбаевтың «Адал» асыл тұқымды ешкі сүтін өндіру жобасы.
ҚОҒАМ
17 қаңтар 2019 г.
1 440
0
Сейсенбіде облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалық етуімен «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алғашқы отырысы өтті.
БИЛІК
17 қаңтар 2019 г.
2 559
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Әлімжан Марданов пен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов брифинг өткізіп, онда облыс аумағында православ христиандарының «Крещение Господне» рәсімі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жайлы айтылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
454
0
Қазір қыс мезгілі белортадан ауды. Әйтсе де, әзірге Сырдария өзенінің Арал ауданы мен Қызылорда қаласы аралығындағы аумағында ғана мұз толық ұстасты. «Қазгидромет» филиалының мәліметінше, қалаға қарасты Тасбөгет су бекетінде жиектік қабыршақ мұздың жүру жағдайы байқалып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
433
0
Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Дүр Оңғар ауылында қалдықсыз өнім шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
17 қаңтар 2019 г.
385
0