« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазір қыс мезгілі белортадан ауды. Әйтсе де, әзірге Сырдария өзенінің Арал ауданы мен Қызылорда қаласы аралығындағы аумағында ғана мұз толық ұстасты. «Қазгидромет» филиалының мәліметінше, қалаға қарасты Тасбөгет су бекетінде жиектік қабыршақ мұздың жүру жағдайы байқалып отыр.
– Ауа райының құбылмалы және тұрақсыз болуына байланысты су деңгейі біршама көтерілді. Мұндағы судың қазіргі деңгейі – 704 сантиметр, ол 740 сантиметрге жеткенде қауіп туғызады. Жайылымдық жерлерді су шаюы мүмкін, – дейді филиал директоры Жұлдыз Қалымбетова.
Қысқасы, Сырдарияның сыры өзіне мәлім. Мінезінің қашан, қалай құбыларын кесіп айту мүмкін емес. Қолдан келетіні – деңгейін ұдайы назарда ұстап, қауіпті еңсеруге сақадай сай отыру. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы ол үшін өзен жағалай қоныстанған 56 елді мекенге 100-ден астам мекемені жауапты етіп бекітіп қойды. Мекемелер арнайы техника, қажетті жұмыс қолымен қамтамасыз етілген. Эвакуациялық жинақтау, қабылдау пункттері қауіп туа қалған жағдайда әбігерге түскен тұрғындарды қабылдауға әзір.
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының дерегіне сүйенсек, бүгінде «Шардарадан» төменге секундына 857 текше метр су жіберілуде. Жалпы, қоймадағы су мөлшері – 3 млрд 616 млн текше метр шамасында. Ал «Көксарай» секундына 400 текше метр су қабылдап жатыр. Онда 470,07 млн текше метр су жиналған. Облысқа секундына 415, Қызылорда су торабынан 450 текше метр су босатылуда. Мамандар Сырдариядағы су көлемінің ауа райына қарай реттеліп отыратынын айтады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |