САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ ҚДСК облыс бойынша департаменті басшысы Ұлболсын Аханаеваның қатысуымен брифинг өтті. Онда аймақта соңғы алты айда қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде Конго-Қырым қанды безгегі мен менингококкты инфекцияларды болдырмау және алдын алу шаралары бойынша атқарылып жат­қан жұмыстар талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 587 0
СТАТИСТИКА –ДАМУ ДӘЙЕГІ

СТАТИСТИКА –ДАМУ ДӘЙЕГІ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысын баяндады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 493 0

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚОЙНАУЫНАН ҚҰТ ТАПҚАН

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақстанда қой шаруашылығы екінші тың аталып, саланы дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінгені белгілі.Осыған сәйкес, арнайы бригадалар, фермалар, тіпті кеңшарлар құрылып, қой шаруашылығын дамыту ісі қарқын алды. Мысалы, 1964 жылы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен бір жүз алпыс шақырым жерде «Жаңақала» атты кеңшардың қазығы қағылған. Ел азаматтары ұшқан құстың қанаты, жортқан құланның тұяғы тозатын құм қойнауындағы жаңа шаруашылықты берекелі мекенге айналдыру үшін барын салды. Жаңадан ұйымдасқан шаруашылыққа жастарды тарту жұмыстары жүйелі жүргізілді. Солардың қатарында Әділбек Қайруллаев та болды.
ТАҒЫЛЫМ 23 шілде 2018 г. 655 0

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІ ҚАЛЫПТЫ БОЛАДЫ

Дүниежүзілік банк сарапшылары 2018 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 2,6% болады деп болжаған еді. Бұл әлем экономикасы әлі айыға қоймаған дағдарыс жағдайында қанағаттандырарлық көрсеткіш болып табылады.
Экономика 23 шілде 2018 г. 1 200 0

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ТӘРТІПТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының  14-бабында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Онда тәуекелдерді басқару жүйесінің бірі болып  айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру көрсетілген.
АҚПАРАТ 23 шілде 2018 г. 425 0

ҚАПШАҒАЙДАҒЫ ДОП ДОДАСЫ

Қапшағайда ардагер футболшылар арасында кіші футболдан мәнерлеп сырғанаушы, жасөспірімдер арасындағы олимпиада мен қысқы Азия ойындарының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін жарыс өтті. Жарыста Қазалы ауданының ардагер футболшыларынан жасақталған «Kazaly», Астана, Алматы, Тараз және Қызылорда қаласында тұратын қазалылықтардан құралған «Zamandastar», Қапшағай қаласының ардагерлерінен тұратын «Dostyk» және «Team Elizabet Tursynbaeva» командалары бақ сынады.
АҚПАРАТ 23 шілде 2018 г. 426 0
ТӨРТ ЕҢБЕГІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

ТӨРТ ЕҢБЕГІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Жуырда филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Тоқболат Еңсегенұлының төрт кітабы жарыққа шықты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 487 0
ӘЛЕУМЕТТІК  МӘСЕЛЕЛЕР  ӘРКЕЗ НАЗАРДА

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ӘРКЕЗ НАЗАРДА

1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгерді. Бүгінде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан, баршаға бірдей тағайындалады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осы және өзге әлеуметтік төлем жүйелеріндегі өзгерістер жайлы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті басшысы Төреахмет Жолымбетов тарқатып айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 468 0
«ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ»  ТИГІЗЕР ЗАРДАБЫ КӨП

«ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ» ТИГІЗЕР ЗАРДАБЫ КӨП

Биылғы 6 айда облыста 223 өрт оқиғасы тіркелген. Сал­дарынан 4 адам жарақат алып, тағы 4 тұрғын  қаза тапқан. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық төтенше жағдайлар депар­таментінің басқарма басшысы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді. Жиынға қалалық төтенше жағдайлар  басқармасының бастығы Ербол Әлішеров және «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысы  Нұрсұлтан Ибрагимов  қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 551 0
ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР УАҚЫТЫЛЫ АТҚАРЫЛДЫ

ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР УАҚЫТЫЛЫ АТҚАРЫЛДЫ

Облыста ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық шаралар аяқталды. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы хабарлады
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2018 г. 603 0