« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Дүниежүзілік банк сарапшылары 2018 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 2,6% болады деп болжаған еді. Бұл әлем экономикасы әлі айыға қоймаған дағдарыс жағдайында қанағаттандырарлық көрсеткіш болып табылады.
Дүниежүзілік банк 2018 жылға арналған әлемдік экономиканың перспективалары туралы баяндамасында осындай болжам жасады. Баяндамада Қазақстан экономикасының өсу қарқыны қалыпты болады делінген. Нақтырақ айтсақ, мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы және салықтық-бюджеттік ынталандыру секілді бір реттік шаралар тиімділігінің әлсіреуіне байланысты Қазақстан экономикасының өсімі 2,6% деңгейінде қалыптасады деп жазылған. Жалпы, банк сарапшыларының болжамынша, 2017 жыл күткендегіден әлдеқайда табысты болған. Осының нәтижесінде 2018 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны 3,1%-ке дейін жетуі мүмкін. Мұндай өсім инвестициялардың одан әрі қалпына келуінің және сауда, өнеркәсіп салаларындағы серпілістің, сондай-ақ шикізат бағасы тұрақтылығының нәтижесінде мүмкін болмақ.
Биыл әлемнің дамыған елдерінде экономикалық өсім қарқыны сәл төмендейді. Бұған орталық банктердің дағдарыстан кейінгі қаржылық ынталандыру бағдарламаларын кезең-кезеңімен қысқартуы және оларды тұрақтандыру үшін бөлінген инвестициялар көлемінің өзгеруі әсер етеді. Ал нарықтық экономика қалыптасып жатқан елдер мен дамушы мемлекеттердегі экономиканың өсу қарқыны жалпы алғанда 2018 жылы 4,5%-ке дейін өседі.
Сарапшылардың болжамынша, мұндай өсімге мемлекеттердегі іскерлік белсенділіктің үздіксіз қалпына келуінің нәтижесінде қол жеткізіледі. «Әлемдік экономиканың өсу қарқынының барынша қалпына келтірілуі көңілге сенім ұялатады. Алайда қазір тоқмейілситін уақыт емес. Себебі бүгінде адами және физикалық капиталдарға инвестиция салуға тамаша мүмкіндік туып отыр. Егер әлем саясаткерлері осынау маңызды инвестицияларға көңіл аударса, онда мемлекеттер өнімділікті еселеп, экономикалық белсенді халықтың үлесін айтарлықтай арттыра алады», – деп мәлімдеді дүниежүзілік банк тобының президенті Джим Ён Ким. Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамына сүйенсек, 2018 жыл қаржылық дағдарыстан кейін әлемдік экономика толық қуатта жұмыс істейтін алғашқы жыл болмақ. Десе де, мемлекеттер қысқамерзімді болашақта экономикалық өсімді ынталандырудың жолдарын қарастыруы керек. «Жұмыссыздық көрсеткіші дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралды. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық жағдайы жақсаруда. Соған қарамастан, саясаткерлер экономикалық өсімді қолдаудың жаңа тетіктерін табу қажеттігі атап көрсетілуде», – деді Дүниежүзілік банктің экономикалық даму перспективаларын зерттеу департаментінің директоры Айхан Косе.
Жалпы, Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі экономикалық өсім 2017 жылғы болжамнан асып түсіп, 3,7%-ті құраған. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 1,7%-ке тең болған екен. Мұндай жетістікке қол жеткізу 2014 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуінен кейін үшжылдық өте баяу өсімнің нәтижесінде мүмкін болды. Бұл ретте шикізатты импорттайтын елдерде де, экспорттайтын елдерде де өсім байқалған. Ал экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал еткен негізгі факторлар – жеке тұтыну және инвестициялар болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, Еуропа және Орталық Азия өңірінде экономикалық өсімі күрт артқан мемлекеттің бірі – Қазақстан. Біздің елдегі өсім 2016 жылы 1,1%-ке тең болса, былтыр 3,7%-ті құрады. Мұндай елеулі өсім «Қашаған» кен орнындағы мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты болды. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мүшелері қол жеткізген мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің «Қашағанға» қатысы жоқ екенін атап өткіміз келеді. Банктің болжамынша, 2018 жылы Еуропа және Орталық Азия өңірінде экономикалық өсім қарқыны 2,9%-ке дейін төмендейді. Осындай жағдайда Қазақстан экономикасындағы қалыпты өсім көңілге сенім ұялатады.
PS. Тағы айта кетейік, бұл сарапшылар болжамы. Алайда 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы ішкі жалпы өнім өсімі 4,1 % құрап, Дүниежүзілік банк өкілдері болжамынан асып түсті. Оған инфляцияның баяулауы мен инвестициялық белсенділік оң ықпал жасады.
Әзірлеген Ж.ӘЛМАХАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |