ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Журналистер одағына облыстан бірнеше қаламгер мүшелікке қабылданды. Кеше одақтың облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев 26 адамға мүшелік билет табыстады. Олардың қатарында аға буын өкілдері мен жас қаламгерлер де бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2018 г. 701 0

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2018 г. 507 0

ЖАЙДАРЫ КӨҢІЛ СЫЙЛАҒАН «ЖАЙДАРМАН»

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «KIELI MEKEN - QYZYLORDA» атты халықаралық  «Жайдарман» фестивалі өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Халықаралық шарада Түркіменстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан және Түркия құрама топтары мен Қазақстанның 6 өңірінен келген құрамалар шеберлік байқасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2018 г. 574 0
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ СКАУТТАРЫ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ СКАУТТАРЫ

Жыл сайын жазғы уақытта NOMADS CAMP бірегей киіз үй лагері ұйымдастырылады. Биыл аталған лагерге облыстан 50 оқу озаты барды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бас­тамасымен балалар Астанадан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкөл ауданындағы киіз үйлерде тынықты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 шілде 2018 г. 611 0

ӘЛЕМДІ АРБАҒАН АЛА ДОП

Футболдан Әлем чемпиона­тының топтық кезеңі соңына жетті. Үздік командалар 1/8 финалына жолдама алып, чемпионатты жалғастырмақ. Өз тобының үздіктері енді өзге топ мықтыларымен бақ сынасатын болады.
ДОДА 02 шілде 2018 г. 744 0

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ АҚТАҢГЕРІ

Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының үшінші  жаңғыруын  жариялай отырып, экономиканың жаңа драйвері ретінде қуатты агросектор құру жөніндегі перспективалық міндет-терді жүктеді. Ал ең бас­тысы, аталған бағытта жаңа мемлекеттік агро-өнеркәсіп кешенін өркендету бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 1 052 0

Елге тұтқа болған азамат

Мына өмірде азаматтық келбеті, үлгі алар адами қасиеті, шешендігі мен іскерлігі қанында бар кісілер болады. Соның бірі  – Бақытбек Әбдіқадырұлы Тәуекелов.  Бәкең маусым айында 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығады. Қазақ қадір тұтатын пайғамбар жасы ғой, сонымен қатар, талай жыл елге қызмет еткен бейнеттің зейнетке айналатын уақыты. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Осы себеппен Бәкең туралы көңілдегі кең сарайдың есігін айқара ашайын, білгенімді елге айтайын деген ойға келдім.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 997 0

ӨМІРДІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Қазақ отбасында әже орны ерекше әрі қадірлі. Олар – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-туыстардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы ана, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Тарихта бір рулы елге ана болған Айпара әже, Домалақ ана, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда көркем сомдалған.
ТАҒЫЛЫМ 02 шілде 2018 г. 1 289 0

БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ГРАНТТАР

Қазақстандық коммерциялық емес ұйымдарды жаңа деңгейге шығару қолға алынды. Олардың бір тапсырыстан екінші тапсырысқа дейінгі уақыты өтті, енді әлеуметтік бизнеске бет бұрып, табыс табудың жаңа жолдарын үйренетін болады. Дәл осы мақсатпен елімізде 18 маусымнан бастап «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасы іске қосылды.
АҚПАРАТ 02 шілде 2018 г. 536 0

Сыбайлас жемқорлық – еліңе қорлық

Әрбір азамат өзінің қызметін адал атқарып,туған елінің шынайы патриоты болғанда ғана қуатты мемлекет құрылады. Елге адал қызмет ететіндер де, керісінше, теріс қылық жасайтындар да бар. Содан болар, халық  несібесі мен ел қазынасына қол салатындардан арылу барлық  мемлекеттің өзекті мәселесіне айналып отыр.Бұл тұрғыда елімізде арнайы  заңдар қабылданып, жүйелі  бағдарламалар жүзеге асуда.Тіпті, сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттің алдын алуға көмектескендерге үкімет тарапынан арнайы сыйақы да қарастырылған.Олардың қауіпсіздігі заңмен қамтамасыз етілген.
АҚПАРАТ 02 шілде 2018 г. 609 0