Бүкіл әлем ұлы өзгерістерді бастан өткізуде. Жаңа технологиялар заманы өз дегенін жасауда. Қоғам дамуына ілесіп жүріп, қадам басу емес, оның негізгі қозғаушы күшіне айналу әрбір азаматтың, ұлттың тағдыр кешті міндетіне айналғанына да тәуелсіздік жылдарының әрбір күні куә.
ҚОҒАМ
16 маусым 2018 г.
522
0
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы оқу жылында 136 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтамасыз етіледі. Бұл – барлық оқушының 97 проценті. Оның ішінде 9 лагерь 7 ауысымда тынығушыларды қабылдауды бастап кетті. Ал 111 мыңнан астам бала мектеп жанындағы лагерьлерге барады.
Білім
16 маусым 2018 г.
1 381
0
Қолданыстағы жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіру мақсатында АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің және «Атамекен» ҰКП өкілдері өңірімізде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 маусым 2018 г.
516
0
Басы 1 беттеҚазақстан Президенті машина жасау, қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі жөнінде айтты.
БИЛІК
16 маусым 2018 г.
1 181
0
Бүгінде 25 жылдық тәжірибесі бар №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты – талантты түлектерді тәрбиелеп отырған іргелі білім ошағының бірі. Оның дәлелі, 1993-2014 жылдар аралығында аталған лицейді 855 оқушы бітірген болса, олардың 92-сі «Алтын белгі», 171-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Өткен жылы 15 «Алтын белгі», 10 «Үздік аттестат» иегері білімін дәлелдеп, 100 процент ЖОО-ға грант ұтып алған болса, биылғы оқу жылында 11 «Алтын белгі», 5 «Үздік аттестат» иегері қорытынды аттестациялаудан білімдерін дәлелдеп шықты. Осы аталған жұмыстардың жайымен толығырақ танысу мақсатында лицей-интернат басшысы Бақытжан Омаровпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
16 маусым 2018 г.
1 586
0
Өмірде – өршіл, саясатта –сарабдал, ғылымда – тұрлаулы, турашыл тұлға.Адамның аты оның жарты тағдыры деген қасқабас қағида бар. Сондықтан да ата-ана баласына ат қоярда өздерінің аңсаған асыл арманын, үкілі үмітін, ақ тілегін, мақсатын, мүддесін, мұратын перзентінің атына артады.
РУХАНИЯТ
16 маусым 2018 г.
1 003
0
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындар саулығын сақтауда аянбай еңбек етіп, медицина саласының дамуына үлес қосып жүрген дәрігерлер қауымын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 маусым 2018 г.
502
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Ашық азаматтық қоғам – белсенді даму» тақырыбындағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен кездесуге қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Өркениет Қызылорда» қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға өңірде белсенді жұмыс істеп жүрген қоғамдық ұйымдар өкілдері жиналды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 маусым 2018 г.
608
0
Қазақ халқының «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзі бар. Олай болса, қай дәуірде болсын жастарымыздың білімді, саналы болып шығуы үшін мектептен бастап бүкіл білім беретін оқу орындарының мұғалімдер ұжымына үлкен міндеттер жүктелері анық. Білім мен тәрбие беру – қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғандар ғана мақсатына жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығының қыр-сырын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие бола алады.
Білім
16 маусым 2018 г.
1 014
0
Тұғыры таудай тұлға, елінің ерен перзенті Ернияз Омаров – кәсіби маман, білікті дәрігер, ғалым, қайраткер ретінде Сыр өңірінің денсаулық сақтау саласын отыз алты жыл бойы жемісті басқарып, заманына сай дамытқан, бүгінгі күннің абыз ақсақалы. Сыр медицинасының осындай тұлғасының қолтаңбасымен кешегі кеңестік дәуір тұсында денсаулық сақтау саласында тың серпілістер, баянды бастамалар жасалып, аурулардың алдын алу, экологиялық зардаптарды ауыздықтау, заман талабына сай емдеу құрылыстарының салынуын ұтымды ұйымдастыру проблемалары оң шешімін тауып жатты.
Денсаулық
16 маусым 2018 г.
1 310
0