« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Президенті машина жасау, қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі жөнінде айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Татарстанның мұнай өнімдерін қайта өңдеу саласындағы тәжірибесін атап өтті.
– Барлық мемлекеттер баламалы энергия көздерін пайдалануға көшетін болады. Бірақ, таяу 50 жыл ішінде мұнай мен газға деген сұраныс та сақтала береді. Осы уақыт кезеңін пайдаланып, біз өңдеу өнеркәсібін құруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды.
– Ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту қажет. Ресейге ет өнімдерін де жеткізе аламыз. Біз жоғары сапалы сиыр етін өндіру үшін шет елден асылтұқымды ірі қара малды алып келдік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін дамытудың және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижелеріне тоқталды.
Қазақстан Президенті мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде білім беру мен медицина саласындағы байланыстарды нығайту мәселелеріне назар аударды.
– Қазан қаласының табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Ресеймен өзара жалпы қарым-қатынасымыз тұрғысынан алғанда Татарстан жетекші орындардың бірінде. Біз екі халықтың игілігі үшін ынтымақтастығымызды жалғастыра беретін боламыз, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Р.Миннихановтың елдеріміз арасындағы достық қатынастарды, өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Татарстан Республикасының Президентін бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Рустам Минниханов экономиканың түрлі секторларындағы тиімді екі жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
– Бүгінде Қазақстан – біздің басты серіктесіміз. Табысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі маңызды болып саналады, – деді Татарстан Республикасының Президенті.
Р.Минниханов Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму қарқынын атап өтіп, студент алмасу үдерісін жандандыруға дайын екенін жеткізді.
Татарстан Президенті Астанадағы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралап көрген кезде алған әсері жөнінде айтты.
– «ЭКСПО-2017» көрмесі жоғары деңгейде өтті. Сіздің арқаңызда қуатты әрі заманауи алаң бой көтерді. Осы кешеннің базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы айтулы оқиға болады деп ойлаймын. Келешекте Қазақстандағы әріптестерімізбен бірге «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында жұмыс істегіміз келеді, – деді Р.Минниханов.
Мемлекет басшысы Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесіне барды.
Қазақстан Президентіне кеме және машина жасау, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы кәсіпорындардың өнімі көрсетілді.
Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық тұрғыдан таза және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын көлік техникасының үлгілерімен танысты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Бұлғар қаласын және аумағында Успен Құдай-ана ерлер монастырінің басты ғибадатханасы – Успен соборы орналасқан Град Свияжск аралын қайта жаңғырту жоспарымен танысты.
Успен соборын қалпына келтіру жұмыстары 1954 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1970-1980 жылдары собордың қабырғаға салынған фреска кескіндемелері толық зерттелді.
Кешен мұрасын қазіргі кезеңдегі жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары 1990-жылдары басталды. Сол кезде бұл бастамаға Татарстан Республикасының маңызды мемлекеттік бағдарламасы ретінде мән берілді.
« Қазан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |