Нұрсұлтан Назарбаев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгеріс енгізді, – деп хабарлайды Ақордаға.“Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту жүйесін және көші-қон процестерін реттеуді жетілдіруге бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Саясат
16 сәуір 2018 г.
1 147
0
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарының 80-қадамында айтылғандай, еліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде іске асырылып жатыр.Жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Қатысушыларына уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек ұсынуды қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылды. 2017 жылдың маусым айында аталған қордың филиалдары еліміздің облыстарында ресми түрде ашылды. Ал, өткен жылдың 1 шілдесінен МӘМС жүйесі бойынша тұрғындар жарна төлеуді бастады. Осы орайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
16 сәуір 2018 г.
1 123
0
Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығына айналды. Әлемдік сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық технологияға көшетін болады.
Білім
16 сәуір 2018 г.
911
0
Қармақшы ауданының жер жайы да, тұрғындарының қолайы да атакәсіп – мал және егін шаруашылығын дамытуға бейімделген. Кәсіпкерлікке қатысты жобалардың басым көпшілігі осы ауыл шаруашылығы саласымен сабақтасып жатыр. Ауданға барған сапарымыз барысында өз кәсібін ашушылардың мал ыңғайымен ауылдан алыстап, жеке фазендаларға орналасуы үрдіске айналғанын байқадық. Дән себу науқаны басталып, мал төлдеп жатқандықтан шаруашылықтардағы қарбалас күнұзаққа тоқтамайды. Жауапты науқан кезіндегі тыныс-тіршілікке сырттай қанығып, кәсіпкерлікті дамыту, еңбек өнімділігін, экспорттық әлеуетті арттыру сынды еңбек ырғағының жай-жапсарын тереңірек білуде аудан әкімі Сұлтан Мақашовпен әңгімелесудің сәті де түскен еді.
Cұхбат
16 сәуір 2018 г.
1 311
0
Байқоңыр қаласында әмбебап жекпе-жектен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 12 команда 180 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салды.
ДОДА
16 сәуір 2018 г.
751
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарды кітап оқуға шақыру және олардың оқу мәдениеті мен талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды» - «Молодежь предпочитает» атты жоба аясында «Жұлдыздар не оқиды?» атты танымал жастармен кездесу ұйымдастырылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 сәуір 2018 г.
552
0
2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан халқы табыстар мен шығыстарды декларациялау жүйесіне көшеді.Яғни, барлық жеке тұлғаларға 250.00 нысанды «жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы» декларацияны табыс ет міндеттеледі. Бұл шараның негізгі мақсаты — көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың табысын және мүлкін басқару жүйесін құру. Сондай-ақ, салық жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.
АҚПАРАТ
16 сәуір 2018 г.
553
0
Биыл, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында қала көлемінде ауқымды жоспарлар мен тың жобалар қолға алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға қаланың жанашыр және белсенді азаматтары да өз үлестерін қосып келеді. Соның бір дәлелі, қаланың құрылыс компаниялары көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ерекше атсалысып жатыр.
ҚОҒАМ
16 сәуір 2018 г.
615
0
Қазалы аудандық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді. Жиында аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар жайына тоқталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 сәуір 2018 г.
581
0
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуы бойынша сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелерінің отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 сәуір 2018 г.
529
0