Дамудың айқын үлгісі

Кеше өткен  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Мемлекет басшысы – әлеуметтік бірлік тұғыр­намасы ел іргесін нығайта түсетінін айтты. Жаңа бастамалар бәрінен бұрын осыған бағытталғанын жеткізді. 
ДӘУЛЕТ 29 сәуір 2018 г. 496 0
АҚСҰҢҚАР  ҚҰСТЫҢ ТҮЛЕГІ

АҚСҰҢҚАР ҚҰСТЫҢ ТҮЛЕГІ

  Атамыз қазақ қай заманда болмасын сұңқарды қыран тектес құстардың ішінде айрықша бағалаған. Құсбегілердің ішіндегі ерекше болмыстағы кәнігілерінің өзі қия жартастардың биік шыңдарынан осындай тектілерін ғана ептілікпен ала білген. Бір таңғаларлығы, осындай тектен шыққан қырандар адамға қанша бауыр басқанымен, еркіндікке шыққан кезінде өзінің ұя басқан мекеніне, тамыр тартқан топырағына бір соқпай кетпейді екен. Бұл құдірет табиғи тартылыс күші тәрізді туған жердің ерекше қасиеті мен киесінде жатса керек.
Тарих 29 сәуір 2018 г. 1 347 0
ТӘЛІМГЕР ҰСТАЗ  ҰЛАҒАТЫ

ТӘЛІМГЕР ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

 Халық мәдениеті – көп­ғасырлық тарихы бар ата-бабалардың рухани құндылық қазынасы. Қазақ халқының ежелгі дәуірлерімізден, қа­зіргі заманымызға дейінгі қа­лып­тасу, даму кезең­дерін­дегі жал­пытүркілік фило­софиялық-пе­да­гогикалық дүние­таным ерек­ше­ліктерін, орта ғасырлардан бас­тап ұр­пақтар санасынан берік орын алған діни-исламдық ұстаным сипатын, халықтың жан ділін адамгершілік-имандылық қасиеттер ықпалымен сәу­ле­лендіру, нұрландыру қыз­метін атқарған тәрбиеші-тәлім­гер қайраткерлер тағы­лымын – бәрін қазіргі уақыт­пен сабақтастыра наси­хаттаған өнегелі тұлғалар даралана бағаланады. Халық мәдениетінің насихатшылары тұғырындағы өздерінің белсенді шығармашылық ізденістерін күнделікті тұрмыстық-әлеуметтік істерімен қатар атқара жүріп, осындай адамдар жаңа буынның болашаққа ұласатын жолына да айқын бағдар береді. Бұл орайда, сөз арқауындағы өнегелі өмірімен мәңгілік ұлағат танытқан тұлғалар қатарында Сәден Нұртайұлы (1930-2002) есімін де айтамыз.
ТАҒЫЛЫМ 29 сәуір 2018 г. 797 0

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫ

Тоқсаныншы жылдың орта кезі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қызылордаға келеді деген жағымды жаңалық жетті. Алаштың анасы атанған Сыр өңірі Елбасына қарыздар. Бір кездері астана болған Ақмешіттің әлде- кімдердің ұсынысымен тарайды деп тұрғанында Елбасы сақтап қалғаны ел есінде. Мемлекет басшысы Сыр өңіріне келіп, каланың сәулетті жерлерін аралап келеді. Көптің көңілі шат-шадыман. Елбасы жаңа базар тұсындағы №6 емханаға аялдады. Осы сәтте «Қарағым, Нұрсұлтан!» деген дауыс естілді.
Әлеумет 29 сәуір 2018 г. 767 0

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ, ОРТАҚ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы Қазақстан халқына Жолдауында «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім» деген болатын.Қазақстанның қандай да бір жетістіктері сенімді тірек саналады. Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеген 10 міндетті орындап шығу үшін ең бірінші кезекте елімізде тыныштық, бейбітшілік заман болып тұруы тиіс.
ДӘУЛЕТ 29 сәуір 2018 г. 619 0
ЫНТЫМАҚТЫҢ ЫРЫСЫ

ЫНТЫМАҚТЫҢ ЫРЫСЫ

Сыр өңірі – алмағайып заманда сан ұлтты бауырына  басқан, сол арқылы бүгінде берекеге кенелген бірлік пен ынтымақтың мекені. Жергілікті халықтың дархан пейілінің арқасында ұлы өзеннің жағалауында қаншама ұлт пен ұлыс бір-бірімен жарасып, тату-тәтті күй кешуде. Қазіргі таңда оларға тарихын тануға, мәдениетін өркендетуге қолайлы жағдай жасалған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 656 0
СЫРДА ТУҒАН СЫРЛЫБАЙ

СЫРДА ТУҒАН СЫРЛЫБАЙ

 Осыдан екі жыл бұрын болар, интернетті ақтарып отырып, Батыстағы фактчекинг деп аталатын мамандық туралы мәліметті көзіміз шалды. Ағылшын тілінен енген бұл терминнің мәні баспасөз мәтініндегі, баяндамалардағы деректерді тексеру екен.  Батыс жұртында бұрыннан бар кәсіп орыс журналистикасына да еніпті. Ең қызығы, Ресей баспасөзіндегі мәлімет тексеруші мықты мамандардың бірі қазақ. Қазақ болғанда да осы өзіміздің Сырда туған Сырлыбай Айбосынов. 
ҚОҒАМ 29 сәуір 2018 г. 855 0
ТАРИХҚА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН

ТАРИХҚА ҚАЛАМ ТЕРБЕГЕН

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы, жазушы, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақбаевтың  70 жылдық мерейтойына арналған «Тарихқа қалам тербеген» атты кездесу кеші өтті. А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапхана ұжымы ұйымдастырған кеште «Болашақ» университетінің студенттері болды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 714 0
МАМАНДАРҒА ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

МАМАНДАРҒА ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Баршамызға белгілі, қыс, көктем айларында орын алатын төтенше жағдайлардың бірі – су тасқыны. Кейбір жылдары қыстың ортасы мен ерте көктем аралығында Сырдария арнасынан асып, жағалаудағы елді ерекше дүрбелеңге салып қоятыны бар. Ондайда төтенше жағдайлар қызметі өкілдеріне тыным жоқ. Кейде түн баласы көз ілмей дария жағалап жүреді. Өйткені Сырдарияның бойымен күре жолдар, коммуникациялар өтеді. Аймақтағы елді мекендердің 85 проценті осы дарияның бойында орналасқан. Онда халқымыздың 93 проценті тұрады. Сондықтан да азаматтық қорғау қызметтерінің күш құралдары барлық төтенше жағдайларға ұдайы сақадай сай болуы керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 713 0
ДӘСТҮРЛІ БАЙҚАУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ӨСЕДІ

ДӘСТҮРЛІ БАЙҚАУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ӨСЕДІ

Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрда композитор Кеңес Дүйсекеев әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты алтыншы республикалық байқауы мәреге жетіп, гала-концерт өтті. Думанды кешті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, тамашалады. Көрнекті композиторға Сыр жұртшылығы атынан шапан жауып, құрмет білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 611 0