Осыдан екі жыл бұрын болар, интернетті ақтарып отырып, Батыстағы фактчекинг деп аталатын мамандық туралы мәліметті көзіміз шалды. Ағылшын тілінен енген бұл терминнің мәні баспасөз мәтініндегі, баяндамалардағы деректерді тексеру екен. Батыс жұртында бұрыннан бар кәсіп орыс журналистикасына да еніпті. Ең қызығы, Ресей баспасөзіндегі мәлімет тексеруші мықты мамандардың бірі қазақ. Қазақ болғанда да осы өзіміздің Сырда туған Сырлыбай Айбосынов.
ҚОҒАМ
29 сәуір 2018 г.
855
0
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы, жазушы, тарих зерттеушісі Бегімбай Ұзақбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тарихқа қалам тербеген» атты кездесу кеші өтті. А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапхана ұжымы ұйымдастырған кеште «Болашақ» университетінің студенттері болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2018 г.
714
0
Баршамызға белгілі, қыс, көктем айларында орын алатын төтенше жағдайлардың бірі – су тасқыны. Кейбір жылдары қыстың ортасы мен ерте көктем аралығында Сырдария арнасынан асып, жағалаудағы елді ерекше дүрбелеңге салып қоятыны бар. Ондайда төтенше жағдайлар қызметі өкілдеріне тыным жоқ. Кейде түн баласы көз ілмей дария жағалап жүреді. Өйткені Сырдарияның бойымен күре жолдар, коммуникациялар өтеді. Аймақтағы елді мекендердің 85 проценті осы дарияның бойында орналасқан. Онда халқымыздың 93 проценті тұрады. Сондықтан да азаматтық қорғау қызметтерінің күш құралдары барлық төтенше жағдайларға ұдайы сақадай сай болуы керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2018 г.
713
0
Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрда композитор Кеңес Дүйсекеев әндерін орындаушылардың «Туған жер» атты алтыншы республикалық байқауы мәреге жетіп, гала-концерт өтті. Думанды кешті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп, тамашалады. Көрнекті композиторға Сыр жұртшылығы атынан шапан жауып, құрмет білдірді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2018 г.
611
0
Ел арасында даудың бетін дау қайтарады деп, дауласқандардың бірін-бірі сотқа апаруы жиіледі. Бірақ, одан дау басылмайды, жағдай ушығып көбіне ыза-кекке айналады. Мәселені сотқа жеткізбей, шешімін табуға елімізде мүмкіндік қарастырылған.Елбасы Судьялар одағының V съезінде сот арқылы шешілетін даулы істердің қатарын қысқартуды тапсырды. Осыдан кейін, елімізде «Медиация туралы» заң қабылданып, бірқатар заңға өзгеріс енгізілді. Мәселен, Азаматтық істер жүргізу кодексінің (АІЖК) 192-бабы бойынша істі қараудың алдында төрағалық етуші мынандай мәселелерді анықтап алу тиіс: талап қоюшы өз талабын қолдайтын-қолдамайтынын, жауапкер талапкердің талаптарын мойындап-мойындамайтынын, екі тараптың істі бітімгершілік келісіммен аяқтауды, істі аралық сотқа қарауға беруді не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтын-қаламайтынын анықтауы тиіс.
АҚПАРАТ
29 сәуір 2018 г.
557
0
Жастарды кәсіби мамандық алуға даярлау уақыт талабы екені белгілі. Бұл тұрғыда теңізді ауданда көңіл қуантар істер баршылық. Солардың алдыңғы легінде Арал индустриалды-техникалық колледжінің ұжымы тұр десек, артық айтқандық болмас.Елбасы тапсырмасымен жастардың кәсіби мамандық алуы үшін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы қабылданғаны белгілі. Осы мақсатта әлеуметтік әріптес кәсіпорындардың берері мол. Жобаға қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, өндірістік оқуды ұйымдастыруға, түлектерді жұмыс орнымен қамтамасыз етуге қатысатын болады.
Білім
29 сәуір 2018 г.
816
0
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында ішкі істер органдарының зейнеткері, милиция генерал-майоры Демесінов Есен Демесінұлын еске алу құрметіне арналған жиын болып өтті. Ішкі істер департаменті бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың және ардагерлер кеңесінің бастамашы болуымен ұйымдастырылған шараға ішкі істер министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыр елінің ардагерлері және ішкі істер органдарынан құрметті зейнеткерлікке шыққан ардагерлер қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2018 г.
544
0
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Түркі жазбалары күніне арналған «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен ғалымдар, түркітану саласының мамандары және жергілікті жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2018 г.
633
0
Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Онда ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктеріміз бен Ұлы Дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды. Сессияға «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы арқау болды. Қазақстанның осы күнге дейін жеткен жетістіктерінің негізгі кілті – халық бірлігінің нәтижесі. Бұл орайда тұтастықтың құтты шаңырағына айналған Ассамблеяның орны ерек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 сәуір 2018 г.
519
0
PDF
29 сәуір 2018 г.
575
0