« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Онда ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктеріміз бен Ұлы Дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды. Сессияға «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы арқау болды. Қазақстанның осы күнге дейін жеткен жетістіктерінің негізгі кілті – халық бірлігінің нәтижесі. Бұл орайда тұтастықтың құтты шаңырағына айналған Ассамблеяның орны ерек.
Сессия барысында Мемлекет басшысы ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасында жеткен табыстарымызға тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жетілдіруге бағытталған, жақында қабылданған заңды ілгерлетуді жүктеді. Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға және орындалуын бақылауды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясына тапсырды.
Сонымен бірге, әлеуметтік бірлікті нығайтуға арналған бес бастаманы жүзеге асыру арқылы халықтың әл-ауқаты мен ынтымағы арта түсетінін айтып өтті.
Маңызы жоғары сессияға 1500-ден астам делегат қатысты. Алдағы уақытта жаңа экономиканың дамуына тың серпін беретін бастамаларды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы да жоғары деңгейде жүзеге асыруға барынша күш салатын болады.
Л.ТӨРЕШОВА,
облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының
хатшылық меңгерушісі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |