Сыр елі алыстан атын, жақыннан затын жазбай танитын талант иесі Серік Ыдырысов Қармақшының киелі топырағында дүниеге келген.
РУХАНИЯТ
21 сәуір 2018 г.
1 735
0
Әдетте алдыңғы толқын ағалар туралы, әсіресе ел басқарған тұлғалар жайында әңгімелегенде атқарған қызметін тізіп, атақтарын санап шығамыз. Мұндай мақалалар көбіне мерейтойлар қарсаңында қолға алынады. Бірақ, мерейтойлық мақала інінің ағаға деген көңілауларлық ілтипаты ғана. Онда адами болмыс ашылып, кісілік келбеттің көрініс беруі қиын. Атпал ағалардың маңдайына түскен сызықтар кириллица әрпі емес, оны жүрек көзі ғана оқи алады.
ТАҒЫЛЫМ
21 сәуір 2018 г.
1 357
0
Жалағаштың Мәдениет ауылында бүгінде 4 шаруашылық ұйымы жұмыс жасайды. Солардың қатарында он жылдан астам тәжірибесі бар «Мәдениет» шаруа қожалығы егін саласында екпінді еңбек етіп келеді. Айталық, өткен жылы егілген 615 гектар күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алған болса, биыл жалпы аумағы 700 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отыр. Шаруашылық төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ақділда Қыпшақбаев еңбектен тапқан табысын елмен бөлісіп, ауылдың әлеуметтік саласын көтеруге аянбай үлес қосып келеді.
ДӘУЛЕТ
21 сәуір 2018 г.
629
0
Атақты диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы ауылда атакәсіпті өркендетіп келе жатқан ірі құрылымның бірі «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығы егіншілері егіс алқабына шықты. Аталған елді мекенде 7 бірдей шаруа қожалығының басын қосып, ірілендірген шаруашылық биыл күріш көлемін 1000 гектарға жеткізуді көздесе, 250 гектар ескі жоңышқалықты да ерте күтімге алып, агротехникалық шараларын жүзеге асырып үлгерді. Ұжымда әзірге 50 ауыл тұрғыны еңбек етіп келеді.
Әлеумет
21 сәуір 2018 г.
3 239
0
Елбасының биылғы Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталды. Еліміз үшін дамудың жаңа кезеңінде туындайтын міндеттеріміз – халыққа көрсетілетін қызметті ықшам, ыңғайлы, жылдам әрі барынша түсінікті сипатқа келтіру. Біздің мақсатымыз – қоғамның талабымен, оның дамуымен қатар жүру ғана емес, азаматтардың бүгінгі уақытқа сай көзқарасы мен талғамын қалыптастыруға үлес қосу. Яғни, кәсібін тіркету сәтінен бастап оның дамуы мен көтерілуі үшін барлық қызметтің жетілдірілген түрін ұсыну.
Экономика
21 сәуір 2018 г.
1 974
0
Төртіншіде оқитын Тұрар сабақ қиындап кеткелі репетитор жағалауға мәжбүр. Ойын баласы болғасын ба, өзі сабақта отырса да бар ойы, аңсары далаға ауады да тұрады. Ұлы үшін алаңдаған әкесі мен шешесі мұғалім жалдап та көрді, бірен-саран оқу орталығына апарып та көрді. Одан ештеңе өзгере қойған жоқ. Өткенде үйіне жақын маңдағы оқу орталығына барған. «Ә» дегеннен мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы ұнамады. Апайының «тупойсыңдар» деген сөзіне шамданған Тұрар содан бері «қосымшасы құрысын» дейтін болды.
ЖАРНАМА
21 сәуір 2018 г.
1 780
0
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасы Цинь Хунвэй басқа қызметке ауысты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев актив жиынында Цинь Хунвэйге аймақ дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 сәуір 2018 г.
661
0
Өткен жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы енгізілді. Осыған сәйкес жалпы мектеп бітірушілер үшін қорытынды мемлекеттік аттестаттау мектеп базасында, ал жоғары оқу орнына түсуге талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде өтетін болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 сәуір 2018 г.
764
0
Соңғы жылдары облыс түлектерінің орташа білім көрсеткіші республика бойынша алғашқы бестіктің қатарына еніп отыр. Айталық, өткен жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша 800 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғарысы 136 балды құрады. Бұл көрсеткішке қол жеткізген «Алтын белгі» иегерлері – Жосалы кенті, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің түлегі Дәурен Отарбай және Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылындағы №135 орта мектептің түлегі Айзат Әбдірәсіл – бүгінде беделді оқу орындарының студенті.Сондай-ақ, бүгінде 500-ге жуық Сыр түлектері Ресей Федерациясының беделді университеттерінде сол елдің гранты есебінен білім алуда. Одан бөлек, 2013 жылдан бастап халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Бүгінгі күні жалпы бөлінген грант саны 678-ге жетті. Грант иегерлері еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім алуда. Осы кезеңде олардың 116-сы қолына диплом алып, өз мамандығының иесі атанды. Ал, нақты кезеңде облыс әкімінің грантымен 553 студент білім алуда. Жалпы, өткен жылы мектеп бітірген түлектердің 97 проценті жоғары және арнаулы оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 сәуір 2018 г.
853
0
Елбасы тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласын цифрлық бағдарламаға көшіру бағытында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 сәуір 2018 г.
978
0