Білім бәсіндегі аймақтың асуы

Соңғы жылдары облыс түлектерінің орташа білім көрсеткіші республика бойынша алғашқы бестіктің қатарына еніп отыр. Айталық, өткен жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша 800 түлек 100-ден жоғары балл жинаса, ең жоғарысы  136 балды құрады. Бұл көрсеткішке қол жеткізген «Алтын белгі» иегерлері – Жосалы кенті, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің түлегі Дәурен Отарбай және Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылындағы №135 орта мектептің түлегі Айзат Әбдірәсіл – бүгінде беделді оқу орындарының студенті.

Сондай-ақ, бүгінде  500-ге жуық Сыр түлектері Ресей Федерациясының беделді  университеттерінде сол елдің гранты есебінен білім алуда. Одан бөлек, 2013 жылдан бастап халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Бүгінгі күні жалпы бөлінген грант саны 678-ге жетті. Грант иегерлері еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім алуда. Осы кезеңде олардың 116-сы қолына диплом алып, өз мамандығының иесі атанды. Ал, нақты кезеңде облыс әкімінің грантымен 553 студент білім алуда. Жалпы,  өткен жылы мектеп бітірген түлектердің 97 проценті жоғары және арнаулы оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2018 г. 842 0