Шуақты мереке шаттығы

Шуақты мереке шаттығы

8 Наурыз – Халықаралық әйел­дер күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы нәзікжандыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуге көшбасшы әйелдер, кәсіпкерлер, батыр аналар қатысты.
АҚПАРАТ 08 наурыз 2018 г. 721 0
Жыршылық өнер жақұты

Жыршылық өнер жақұты

Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, тот баспай жеткен жыршылық өнерді жалғастырушылар жетерлік. Жан тебірентер терменің мақамын бұзбай, нақышына келтіре орындап жүрген Ақмарал Ідірісова солардың қатарында. Қазақтың қара домбырасының үнін әуелетіп, киелі өнерді дәріптеп жүрген талантты жастың талабы биік. Ол жыршылықтың өшпес жолын қалыптастырғысы келеді. Бүгінде Арал аудандық мәдениет орталығында өнерін шыңдап жүрген бойжеткеннің шерткен күйі мен шырқай салған әнін тыңдарман таңдай қаға тыңдайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 596 0
Асыл қазынаны ардақ тұтқан

Асыл қазынаны ардақ тұтқан

Қазалының кітапқұмар жұрты тегіс танитын Злила Мұстафаеваны қашанда қарбалас шаруаның ортасынан табасыз. Бірде кітапханада өтетін мәдени шараның басы-қасында жүрсе, кейде  жас мамандармен өзі­нің осы саладағы мол тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып қанаттандырып отырғанын көресіз. Әсілі, «қанат ұшса қатаяды» деп текке айтылмаған. Мұндай пайдалы кеңестен соң еңбек жолын жаңа бастаған маманның бойында өзіне сенім, жұмысына деген құштарлық қалып­тасатыны тағы рас.Зояның әкесі, марқұм Шүйіншалы көкеміз байырғы ұстаз бола­тын. Ұлы Отан соғысының ар­дагері Шөкең аса мейірімді, парасаттылығына қоса білімді де өнерпаз жан еді. Осынау өнерге жақындық көкеміздің ұрпақтарының бойына да дарыған. Кезінде Берік, Серік есімді ұлдары гитарада жақсы ойнап көзге түссе,  немересі Абай мектепте жүргенде мықты әнші ретінде көрермендерінің талай қоше­метіне бөленді. Злиланың кітапқа деген құштарлығы әкенің қанымен дарыған десек, артық емес. Оқу-білімге құштарлық жыл алға жылжыған сайын одан әрі маздай түсті.  
АҚПАРАТ 08 наурыз 2018 г. 594 0
«ҚАЙСАР»: биылғы маусым бұрынғыдан өзгерек

«ҚАЙСАР»: биылғы маусым бұрынғыдан өзгерек

Сейсенбіде «Қайсар» футбол командасының таныстырылымы өтті. Бұл маусым бұрынғыдан басқа, жылдағыдан өзгерек. Биыл жанкүйерлердің жүрегінен орын алған «Қайсарға» жарты ғасыр толады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 546 0
Сапалы ауызсу әрбір үйге жетуі тиіс

Сапалы ауызсу әрбір үйге жетуі тиіс

 Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен облыс тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша комиссия отырысы өтті. Онда ауызсудың сапасы, аталған салада атқарылатын жұмыстардың барысы, алдағы міндеттер талқыланды.
ҚОҒАМ 08 наурыз 2018 г. 687 0

Заңсыз тасымалға тосқауыл күшейтілді

Соңғы  жылдары өңірде жолаушылар тасымалдау қызметімен заңсыз айналысатындар көбейген. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.
АҚПАРАТ 08 наурыз 2018 г. 475 0
Жаңалығы көп жоба

Жаңалығы көп жоба

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимов «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын таныстырды. Бұл бастаманың мәні мен тұжырымдамасы қарапайым әрі түсінікті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 714 0
Жүрекке шуақ тұнған күн

Жүрекке шуақ тұнған күн

Көктемнің көрікті мерекесі – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесі аймақтағы ақынжанды аналар, ару қыз-келіншектерді, жауқазын жырларымен танылып жүрген жас толқын таланттарды  қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 720 0
Ұтымды бастама

Ұтымды бастама

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымы Елбасы үндеуіндегі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»  бастамасы бойынша алдағы уақытта біршама салмақты міндеттерді жүзеге асыратын болады. Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жастар білім алып жатса, олардың 30 проценті – мемлекеттік білім гранты иегерлері.
ҚОҒАМ 08 наурыз 2018 г. 721 0
Баспана алудың шарттары жеңілдейді

Баспана алудың шарттары жеңілдейді

 Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Соның ішінде әсіресе «7-20-25» бағдарламасының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Үй адамның тұрмыс-тіршілігіндегі ең басты қажеттілік деп санайтын болсақ, Президент ұсынып отырған жаңа бағдарлама тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін бұрынғыдан да жеңілдете түспек.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 583 0