« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұжымы Елбасы үндеуіндегі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамасы бойынша алдағы уақытта біршама салмақты міндеттерді жүзеге асыратын болады. Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жастар білім алып жатса, олардың 30 проценті – мемлекеттік білім гранты иегерлері.
Президент білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін тиімді шараларды ұсынды. Алдағы 2018-2019 оқу жылында жыл сайынғы бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 20 мың білім гранты бөлінбек. Оның 11 мыңы техникалық, инженерлік, робототехника, нанотехнология, IT саласындағы мамандықтар бойынша игерілетін болады. Демек, білім беру жүйесінде сұранысқа ие мамандықтар басым бағытпен оқытылады. Әрине, бұл жердегі басты мақсат – төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайында нарық сұранысына сай мамандарды барынша көбірек даярлау.
Бүгінде біздің университетте облыс әкімінің білім гранты негізінде 428 студент, олардың дені техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Биыл оның 145-і оқу бітіреді. Оған қоса Ресейдің озық техникалық университеттерінде 500-ге жуық қызылордалық түлектер жаңа дәуірдің сұранысына сай мамандықтарды игеруде.
Сонымен бірге техникалық, ауыл шарушылығы мамандықтары бойынша жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне дейін көтеру де Елбасы үндеуінен басты орын алды. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша бір білім алушыға белгіленген қаражат мөлшері 350 мың теңге көлемінде болса, енді ол 640 мың теңге шамасына дейін көтерілетін болады. Бұл мемлекеттік жоғары оқу орындарын және онда білім алып жатқан жастарды материалдық, әлеуметтік, рухани қолдаумен қатар, оларға жасалған зор мүмкіндік.
Сапалы білім берумен қатар студенттерді жатақханамен қамту да біздің назарымыздан тыс қалмайды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасында «2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді» деген болатын. Тәуелсіз еліміздің кемел келешегі – жастардың жатақханамен қамтылуы және сапалы білім алуға жасалған мүмкіндіктер олардың болашаққа деген сенімін арттырып, жаңаша серпін берері сөзсіз.
Бүгінде Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде барлығы 3 студенттік жатақхана бар және барлық жатақханаларда студенттерге тиімді жағдайлар қарастырылған. Оған орналасқысы келген әрбір студенттің өтініші бекітілген уақытына сай және дер кезінде қанағаттандырылып келеді.
Абайбек ЖҮНІСОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
оқу ісі жөніндегі проректоры-
бірінші проректор.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |