| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы нәзікжандыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуге көшбасшы әйелдер, кәсіпкерлер, батыр аналар қатысты.
– Алаштың анасы атанған туған жеріміздің көркеюіне қаншама әйел-аналар, апа-қарындастар, қыз-келіншектер үлес қосуда. Ұлт ұлағатының жас ұрпаққа жетіп, салт-дәстүріміз бен рухани құндылығымыздың қаймағы бұзылмай сақталуының өзі аналарымыздың арқасы дер едік. Сіздердің қолдауларыңыз бізге сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар қатысушыларға құттықтау хат пен гүл шоқтары, арнайы сыйлықтар табысталды. Басқосу өнерлі өнерпаздардың ән шашуымен қорытындыланды.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).
| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||