«Шалқар шабыт мерекесі – әз-Наурыз»

«Шалқар шабыт мерекесі – әз-Наурыз»

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Наурыз мерекесіне арналған «Шалқар шабыт мерекесі – әз-Наурыз» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның мақсаты – жастарға шығыс халықтарына ортақ мереке – наурыздың шығу тарихы мен маңыздылығы туралы түсінік беру, ұлттар мен ұлыстардың достастығын насихаттау, әр ұлттың салт-дәстүрлерін құрметтеуге үйрету.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2018 г. 719 0
ЖЫР ЖАМПОЗЫ – ЖАППАР ЖЫРАУ

ЖЫР ЖАМПОЗЫ – ЖАППАР ЖЫРАУ

Сәрсенбі күні Тұрмағанбет ауылында Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Жаппар Тұңғышбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жыр жампозы –Жаппар жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі өтті. Фестивальда Сыр бойындағы ұзандар өнегесін жалғастырып, өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген Бидас Рүстембеков бастаған 15-ке жуық белгілі жыр жампоздары өнер көрсетті. Кеште құлақ құрышын қандырар мақам саздарымен төгілте жырлаған жыраулар бірінен бірі қалыспай, сүлейлер өнерінің өміршең екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2018 г. 846 0
ЯПЫРАЙ, НЕТКЕН КӨКТЕМ, НЕТКЕН КӨКТЕМ!

ЯПЫРАЙ, НЕТКЕН КӨКТЕМ, НЕТКЕН КӨКТЕМ!

Міне, ұлыс мереке – әз Наурыз есік қағып тұр. Бұл көже ішіп, аяқ босатар жәй мереке емес, алдағы күнге үміт артар, әрекет арқылы берекет іздер  еңбек мерекесі, бақытты өмірге қадам жасар батылдық мерекесі! Бұл ынтымақ пен туыстық, болашаққа батыл қадам жасар бастау мерекесі!
ТАҒЫЛЫМ 19 наурыз 2018 г. 1 730 0
Ғасырдан ұзақ ғибратты ғұмыр

Ғасырдан ұзақ ғибратты ғұмыр

Биылғы қыс ұзақ та қытымыр болғаны әмбеге аян. Наурыз айы орталанса да салқын ызғардың әлі де пәті қайта қойған жоқ. Десе де «таң атпаймын дегенмен, күн қоймайды» деген бар. Күн райы сәл жылт етсе маңайдан көктем лебі байқалады. Бұл -  тіршілік заңы. Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын ел арасында мерекеге дайындық қызу жүргізілуде. Үлкен де кіші де көтеріңкі көңіл – күй жетегінде атаулы күнді ақ тілегімен қарсы алуға қарбаласып жүр. «Қарттың батасы қабыл» деген оймен Аралқұм елді мекеніне хабарласты. Неге деймісіз?. Осынау тіршілігі отыны мол жағылған қазандай қайнаған, берекелі де құтты қоныста Тәжігүл Еңсепова (құжат бойынша Ензепова) есімді абыз әже тұрады. Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың анасы атанған, бүгінгі таңда 102 жастағы Тәжігүл әже теңіз төскейіндегі ең жасы үлкен адамның бірі саналады. Өзінің осынау ғибратқа толы ғұмырының жүз екінші көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың. Аллаға шүкір, әлі күнге құлағы айтқан сөзді қалт жібермей есітіп, жанары жарық ғаламды көріп, пікірін нық түйіндеп жеткізіп, далаға өзі кіріп – шығады.  Мұны білгенде кеудемді «Шегені дәл осындай рухы мықты жандардан жасаса, ешқашын майыспас еді. Неткен, асыл сүйекті адам!» деген сүйсіну сезімі биледі.
ТАҒЫЛЫМ 19 наурыз 2018 г. 1 023 0

ҰСТАЗДАР БІЛІКТІЛІГІМЕН БӨЛІСТІ

Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрсейітов атындағы №233 мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптардағы пәндердің жүргізілуі» тақырыбында семинар өтті. Оған қаладағы білім ордаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, аталған мектеп ұстаздарының ашық сабақтарын көріп, тәжірибелерімен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2018 г. 462 0
АРАЛДАҒЫ ЕКІҚАБАТТЫ ҮЙДІ БӨЛІП ТҰРҒАН ӨТКЕЛГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ БОЛҒАН (видео)

АРАЛДАҒЫ ЕКІҚАБАТТЫ ҮЙДІ БӨЛІП ТҰРҒАН ӨТКЕЛГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ БОЛҒАН (видео)

Аралдағы екіқабатты үйді бөліп тұрған өткелдің құлауына байланысты Арал қаласының әкімі Бауыржан Махатов сұхбат берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2018 г. 605 0
Бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметкерлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш сыйлау, көмек көрсету мақсатында мерекелік концерт қойып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2018 г. 663 0

ОРМАН ӨРТТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ МЕН 2018 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУПІ БАР МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Облыс бойынша мемлекеттік орман қоры жерлері 6 509,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде орманды алқаптар 3 103,2 мың гектар. Осы орманды алқаптардың 54,7 мың гектары өрт қауіптілігі аса жоғары болып саналады.
АҚПАРАТ 18 наурыз 2018 г. 1 022 0
ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТСЕҢ, ХАЛҚЫҢ СҮЙМЕК...

ЕЛ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТСЕҢ, ХАЛҚЫҢ СҮЙМЕК...

Адам баласы сияқты табиғаттың да өзіне тән ерекшелігі, өзіне тән мінезі бар. «Желтоқсанның желі, қаңтардың қаһары, ақпанның ашуы басылып, күлімдеген әз көктем де жетті-ау» деймін ішімнен. Уақытқа тоқтау болған ба? Дөңгеленіп жатқан өмір. Жыл мезгілдерінің, күн мен түннің, өлім мен өмірдің алмасып тұруы тіршіліктің заңдылығы екені баршаға аян. Десек те, кеше ғана  жаныңда жүрген жақсының, еліне елеулі болған азаматтың жалған дүниеден ертерек кеткені көңілге сыймайтынын,  жұп-жұмыр жүректің  оны өлдіге қимайтынын қайтерсің. Адамзат бүгін адам, ертең топырақ дегенмен,  табиғаттың заңдылығына бағыну бір бөлек те, өмірден кеткен жақыныңды іздеп, іштей сағыну бір бөлек.
ТАҒЫЛЫМ 18 наурыз 2018 г. 921 0