Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны Мәдина Нұрмағамбетова тақалы етік киіп Нива көлігін сүйреді. Наурыз мейрамы қарсаңында осындай ерлік көрсеткен әйел жұртты таңғалдырды. Ол жарыс кезіндегі видеосын өзінің желідегі парақшасына жариялады. 4 балалы ана Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Оның бұл әрекетін желі қолданушылары ерсі көрсе, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді.«Наурыз мерекесі күні бізде мәдени-спорттық шара өтті. Алғашында Нива көлігін ер азаматтар сүйреді. Кейін мектеп директоры Бекжан Қарасаев мерекелік көңіл-күй үшін бақ сынап көруді ұсынды. Көлік сүйреуге келісімімді беріп, 14 секундта 3-5 метр қашықтыққа сүйредім. Бізде бірінші орын, бас жүлде деген жоқ. Әркім өзіне сый алды», – деген Мәдина Нұрмағамбетова, ҚазАқпаратқа берген сұхбатында. Ақшатау ауылының тұрғыны от жағып, күл шығарады, мал жайлайды. Қара жұмысты өзі атқара беретін тәрбиеші сол күні аяқ-қолының бұлшық еті ауырғанын жасырмады.«Көлікті сүйреу қиын. Бірақ бар күшімізді салдық. Менімен бірге көпбалалы әйел де көлікті сүйреді. Кейін қолым мен аяғымның бұлшық еті ауырды, сырқырады. Бәрін ұмытып кеттік», – деді көп балалы ана.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
543
0
Бүгін - Арал теңізінің күні. Атаулы дата былтыр Қызылордада өткен Аралдың тұрақты дамуына арналған халықаралық форумда бекітілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
557
0
Қазалы ауданында Наурыз мерекесімен қатар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ел тарихын түгендеп, кеше мен бүгінді жалғайтын жәдігерлері мол музейдің болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. Бұл ғимаратта қазыналы Қазалының өткені мен бүгіні көрініс тапқан. Салтанатты шара қонақтары аудан тарихын бейнелейтін залдарды аралап, көне жәдігерлерді тамашалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
526
0
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша Сырдария топтық су құбыры мен Талап топтық су құбырының құрылыс жобасын 2019 жылға дейін аяқтай жоспарланған. Сондай-ақ, аудандағы 12 елді мекеннің 19381 тұрғынын сапалы таза сумен қамту және Жаңақорған кентінде су жүйесін жаңғырту жұмыстарының IV-ші кезеңін аяқтау межеленген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
587
0
Жаңақорған ауданында автокөлік жолдары саласы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 211509,0 мың теңге қаржыға «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 2017 жылы бөлінген 100000,0 мың теңге қаржыға аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Шалхия» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
529
0
Ауданда 2017 жылы 5 мектептің құрылысы жүргізілсе, жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында Ақжол, Еңбек елді мекенінде дәрігерлік бекет, Қандөз ауылында әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Аққорған ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 140 орындық балабақшаның құрылыс жобалары мен 2017 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,5 млн. теңгеге Екпінді, Қожамберді, Жаңарық ауылдарынан салынатын әкімшілік ғимараттарының құрылысын аяқтау және 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға Саяжай аумағынан 600 орындық, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Облыста аудандар арасында бірінші болып көп қабатты 15 тұрғын үй құрылысын салуды бастап, оның үш қабатты бір тұрғын үйі пайдалануға беруге дайын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
523
0
Ауданда егілетін негізгі дақыл күріш болғандықтан 9967 гектар күрішті егумен айналысып отырған 197 шаруашылық құрылымы, оның 15-і ірі, 182-і ұсақ шаруашылықтар болса, 2017 жылы егілген 9967 гектар күріштің әр гектарынан 48,6 центнерден өнім жиналып, 48000 тоннадан астам өнім алынса, өткен жылмен салыстырғанда әр гектарынан 5,1 центнерден, өсімі 11,2 %-ға жетіп, бидайдан 1,2 центнерден артық өнім алындыМал шаруашылығы саласында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілген 130,6 млн. теңгеге 744 бас сиыр, ет бағытындағы 26 бас асыл тұқымды бұқа, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша берілген 16,0 млн. теңгеге 572 бас аналық қой, 65 қошқар, «Құлан» бағдарламасы бойынша берілген 17,4 млн. теңгеге 75 бас аналық жылқы және 5 айғыр сатып алынды.2016-2017 жылдары егін егу және мал шаруашылығымен айналысатын 46 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, оның 9 (7-і ет, сүт өндірумен, 2-і АӨК жеке тұрғындардың мал тұқымын асылдандырумен айналысады) ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
428
0
Жаңақорғанда индустриалды-инновациялық даму бағытында инвестициялар салып, аудан экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып отырған «Казатомпром» АҚ-на қарайтын уран өндірісімен айналысатын «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС және қорғасын-мырыш өндіретін «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ жұмыс атқаруда.Мұнан басқа жылыны 30 мың тонна әк шығаратын «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің зауыты, жылына 560 мың тонна цемент өнімін шығаратын «БК Кызылордацемент» ЖШС-нің зауыты, жылына 12 мың 750 тонна томат пастасын шығаратын «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің зауыты жобалары іске асырылатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
568
0
БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының (ЮНВТО) жаңа Бас хатшысы Зураб Пололикашвили Қазақстанға ресми сапармен келді. Естеріңізге сала кетейік, бұл лауазымға 2009 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас ассамблеясында сайланған ЮНВТО басшысы иорданиялық Табел Рифаиды 2018 жылдың 1 қаңтарына Пололикашвили алмастырған болатын.
АҚПАРАТ
26 наурыз 2018 г.
493
0
25 наурызда облыс аумағындағы мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Оның қорытындысы жайында өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифнингте облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қожамжар Наурызбаев мәлімдеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
729
0