« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының (ЮНВТО) жаңа Бас хатшысы Зураб Пололикашвили Қазақстанға ресми сапармен келді. Естеріңізге сала кетейік, бұл лауазымға 2009 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас ассамблеясында сайланған ЮНВТО басшысы иорданиялық Табел Рифаиды 2018 жылдың 1 қаңтарына Пололикашвили алмастырған болатын.
Екі күндік сапар барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаевпен, сонымен қатар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы А. Маминмен, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешевпен және Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Р. Күзембаевпен ресми кездесулер өткізу жоспарланған.
Жалпы, сапар барысында елдегі туризмді одан әрі дамытуға және Қазақстан Республикасының ЮНВТО-мен әрекеттестігіне байланысты бірқатар сұрақтар талқыланбақ. Оның ішінде, белсенді туризмді және Ұлы Жібек жолы бойында туризмді дамыту мүмкіндіктері талқыланады.
Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша, жуырдағы онжылдықта «эмпирикалық» туризмде, яғни эко- және этнотуризм, сондай-ақ тарихи, мәдени, ауылдық және әлеуметтік туризм түрлерінде ең көп өсім байқалатын болады. Бұл бағытта, мамандардың пікірі бойынша, Қазақстанда шексіз мүмкіндіктер әрі жинақталған әлеует бар. Сапардың нәтижесі бойынша, Жібек жолы бойындағы және жалпы алғанда туризмді дамытуға бағытталған бірқатар біріккен іс-шараларды өткізу бойынша келісімдерге қол жеткізу жоспарланған.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |