PDF
26 наурыз 2018 г.
552
0
Қызылорда облысында Халықаралық Аралды Құтқару Қорының 25 жылдығы және Арал теңізінің күніне арналған мерекелік шаралар өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
768
0
Елімізде әкелерге арналған talbesik.kz қазақ тіліндегі алғашқы танымдық-тәрбиелік сайт ашылды. Жоба жетекшісі әрі редакторы Азамат Битанның айтуынша, осы бағыттағы жұмыстардың қажеттілігі қазіргі қазақ қоғамы үшін өте маңызды.«Шыны керек, «атып кетті», «ажырасып тыныпты», «бүйтіп қойған» деген секілді жаңалықтардан әлеумет мезі болды. Қоғам пайдалы дүниені оқуға да, таратуға да дайын. Оның үстіне бұл әкелерге арналған алғашқы сайт. Сондықтан көп жауапкершілік жүктейді. Әзірге жиған-тергенімді жұмсап жалғыз бастадым. Бақылап, байқап көремін. Егер ұсынған дүниелерім оқырман тарапынан оң қабылданып жатса, бірқатар жобаларды қолға алсам деймін. Өсек пен төсек туралы жаңалықтарды аңдығандар бар. Талғамы жоғары, уақытының қадірін білетіндер де аз емес деген ойдамын. Бастысы осы бағыттағы алғашқы қадамдар басталды», - дейді жоба авторы Азамат Битан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
681
0
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркияның Стамбул қаласынан яссауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің жиырма жетінші ұрпағы, «Yesevi ocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи келді, деп хабарлайды 24.kz.Қорық-мұражайда өткен Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара барысында Исметулла Ясауи салтанатты түрде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» қолжазбасының түпнұсқасын «Әзірет Сұлтан» қорық музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлына табыс етті. Кітап 1212 жылы шағатай тілінде жазылған. Ясауитанушының айтуынша, жеті ғасырға жуық сақталып келген құнды жәдігердің түпнұсқасында жарыққа шықпаған қаншама дүниелер мол. Алдағы уақытта аталған құнды жәдігерді Астана қаласындағы Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығында аударма жұмыстарын жасату жоспарлануда.
---
26 наурыз 2018 г.
682
0
2018 жылы 20 наурыз күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы, Жебеудің кеңес мүшесі Рахым Aйыпұлы, кеңес мүшелері Жеңіс Әмірбекұлы, Сәулен Тоққазыұлы Астана қаласында ҚХР-ның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжаң Ханьхуэй мырзаның қабылдауында болған, деп жазады Qamshy.kz ұйым сайтындағы ақпаратқа сүйеніп.
---
26 наурыз 2018 г.
552
0
Наурыз - дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, қамқорлық пен мейірімділіктің мерекесі болып келген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
581
0
Дарын Тұяқов ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Аракөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.1990 жылы Ю.В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси әуеде қарсы қорғану училищесін бітірген. Сонымен қатар, «Әскери-саяси ӘҚҚ» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін (1997) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын (Алматы қ., 2007) «Корпоративтік менеджмент», іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.1990 жылдан - КСРО Қорғаныс министрлігінде бұйрық беру лауазымдарында.1992 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің жетекші кеңес берушісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
612
0
Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 26 наурыздағы доллардың орташа бағамы 319,07 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 318,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 319,70, сауданың аяқталуы кезінде 319,25 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 33 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 89.Ақша айырбастау орындарында 26 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 322 теңгені құраған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
519
0
Сауалнамаға қатысқан кеңседе қызметкерлерінің 33 пайызы жұмыс туралы ойлаудың өзінен күйзеліске түседі екен. Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 21-25 наурыз аралығында бес күн бойы демалды. Сондай-ақ, көптеген кеңсе қызметкерлері еңбек демалысын 19-20 наурызға рәсімдеп, нәтижесінде 9 күн қатарынан демалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
576
0
ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР жергілікті соттарының, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінде жаңа қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар) жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 наурыз 2018 г.
648
0