« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Елімізде әкелерге арналған talbesik.kz қазақ тіліндегі алғашқы танымдық-тәрбиелік сайт ашылды. Жоба жетекшісі әрі редакторы Азамат Битанның айтуынша, осы бағыттағы жұмыстардың қажеттілігі қазіргі қазақ қоғамы үшін өте маңызды.
«Шыны керек, «атып кетті», «ажырасып тыныпты», «бүйтіп қойған» деген секілді жаңалықтардан әлеумет мезі болды. Қоғам пайдалы дүниені оқуға да, таратуға да дайын. Оның үстіне бұл әкелерге арналған алғашқы сайт. Сондықтан көп жауапкершілік жүктейді. Әзірге жиған-тергенімді жұмсап жалғыз бастадым. Бақылап, байқап көремін. Егер ұсынған дүниелерім оқырман тарапынан оң қабылданып жатса, бірқатар жобаларды қолға алсам деймін. Өсек пен төсек туралы жаңалықтарды аңдығандар бар. Талғамы жоғары, уақытының қадірін білетіндер де аз емес деген ойдамын. Бастысы осы бағыттағы алғашқы қадамдар басталды», - дейді жоба авторы Азамат Битан.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |