Бүгін - Ұлыстың ұлы күні

Бүгін - Ұлыстың ұлы күні

 Құрметті жерлестер!Жер - жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!Наурыз – ізгілік пен бірліктің мерекесі. Бұл күні барша жұрт өкпе-ренішті ұмытып, ағайынмен бір дастархан басында табысады. Адамдар бір-біріне ырыс-несібе тілеп, ақ пейілдерін арнайды. Бұл кезеңді біздің халқымыз береке-бірлік, ырыс-құт мезгілі санайды.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн».Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген жетістіктері – соның дәлелі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 638 0
АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ...

АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ...

 Асықты айтсаң, ауыл еске түседі. «Асық ойнап жатыр екен» десе, елең етпейтін қазақ жоқ.  Осы бір сөздің өзі ауылда өскен қазақты жастық шаққа қарай жетелей жөнеледі. Көз алдыңа туып-өскен ауылдың мамыражай тіршілігі тізбектеліп келе бас­тайды. Кешкі салқынмен өрістен ауылға қайтқан малдарды қораға қамап, қозыны көгендеп қой мен ешкіні түгендеп жайғастырған соң ауыл балалары асыр салып асық ойнауға кірісіп кететін. Ауылды жерде қой көп, әр үйде дорба толы асық тұратын.  Қора толы мал өз төліне емірене маңырап жатса, қораның айналасында шеңбер сызып, асық ойынға кіріскен ауыл балаларының сақ-сақ күлген көңілді шуылы ауылдың азан-қазан болып жатқан кешкі қарбаласының ажырамас бір бөлігіне айналушы еді. Осы бір көрініс ауыл деген үлкен картинаның ажырамас бір бөлігіне, ауылдың ажарын кіргізіп тұрған көрігіне айналып үлгергені қашан?!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 561 0

НЕГІЗГІ САЛАДАҒЫ НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

Сырбойылық диқандар биыл 177,1 мың гектар жерге егiн егуді межелеп отыр. Осы бағыттағы дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің даму жайы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен мәжілісте талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2018 г. 781 0