Лейтенант

Лейтенант

Нәзік жанды қыздардың арасында ерлермен тең түсіп, олар таңдаған мамандық тізгінін еркін әрі бекем ұстай білген әскери саладағы арудың бірі – Мырзалиева Нұргүл Дүйсенбекқызы. Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте қаржы қызметінің бастығы болып жұмыс жасайды.Лейтенант шенді Нұргүл Арал қаласындағы Қарақұм ауылында дүниеге келген. Мектептен соң Батыс Қазақстан облысы гуманитарлық академиясының қаржы мамандығы бойынша білім алып, 2001 жылы Орал қаласы әскери комиссариатының қаржы бөліміне қызметке қабылданады. Талапшыл, мақсатшыл Нұргүл Батыс Қазақстан облыстық әскери комиссариатында қаржы қызметі бастығының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі.
АҚПАРАТ 08 наурыз 2018 г. 780 0

ҰЛТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

Мәдениет – жұртшылықтың қалыптасқан өмір салтына байланысты барлық адамға тән, өмір туралы көрініс беретін құндылықтар жүйесі. Демек, мәдениет пен құндылық бір-біріне алыс  емес.
РУХАНИЯТ 08 наурыз 2018 г. 575 0
ҚАЙСАРЛЫҚ ПЕН НӘЗІКТІК

ҚАЙСАРЛЫҚ ПЕН НӘЗІКТІК

Мемлекеттік кірістер органы дегенде, ең алдымен, салық өндіруші орган ойға оралады. Бұл дұрыс та. Кірістер органдарының басты міндеті – мемлекеттік бюджет  түсімін қамтамасыз ету, соның заңдылығын бақылау және осы бағыттағы құқықбұзушылықпен күресу. Бюджет – халық игілігінің көзі. Осы мақсатта елге қажырлы еңбегін арнап жүрген жандардың бірі – Гүлнар Болатқызы Исаева. 
ҚОҒАМ 08 наурыз 2018 г. 751 0
«ГАУҺАРТАС» –СЫР СҰЛУЫНА АРНАЛҒАН ӘН

«ГАУҺАРТАС» –СЫР СҰЛУЫНА АРНАЛҒАН ӘН

«Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай», – деп басталатын әйгілі «Гауһартас» әнін көпшілік жақсы біледі. Бұл – жазушы Дулат Исабековке көркем шығарма жазуға сеп болған, шабыттандырған, қанаттырған ән. Қазақтың алғашқы ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің көңіл түкпіріндегі сағынышын басқан, Ұлы далаға деген махаббатын еселей түскен туынды.
ӘДЕБИЕТ 08 наурыз 2018 г. 3 357 0
Тракторшы Әлия

Тракторшы Әлия

Қызықты оқиғаға құлақ түре жүретініміз бар. Мақалаға арқау болған кейіпкер жайында бала күнімізде де жиі еститінбіз. Жұрт бұл кісіні  «Тракторшы Әлия» дейтін. Жаңақорғандық Әлия Құдайбергенова аудан халқына  еңбегімен таныс. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 714 0
Балалардың бабын білген дәрігер

Балалардың бабын білген дәрігер

 Дәрігерлік мамандық бірнеше салаға бөлінетінін білеміз. Соның ішінде балалар дәрігері, яғни, педиатрия саласы өте күрделі екенін бәріміз мойындаймыз. Себебі, тілі шықпаған сәби қай жері ауырып тұрғанын айта алмайды, мазасызданғанын тек жылап ғана жеткізеді. Сондықтан да аналар қауымы «бала ауырғанша өзім ауырайын» деп жатады. Шақалағымыз шырылдағаннан жанымызды қоярға жер таппай, алып-ұшып дәрігерге жетеміз. Өзінің 35 жылдық еңбек жолында талай сәбидің саулығын сақтауға үлес қосып, дертіне дауа тапқан абзал жан №6 қалалық емхана дәрігері Бақыт Оразбақованың есімі аналар қауымына жақсы таныс.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 1 058 0
Тіршіліктің тірегі – әйел-ана

Тіршіліктің тірегі – әйел-ана

     8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі барлық аудан орталықтарында әзиз әжелер мен аяулы аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеу үрдісімен аталып өтті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 918 0
Шуақты мереке шаттығы

Шуақты мереке шаттығы

8 Наурыз – Халықаралық әйел­дер күні мерекесіне орай, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы нәзікжандыларды мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуге көшбасшы әйелдер, кәсіпкерлер, батыр аналар қатысты.
АҚПАРАТ 08 наурыз 2018 г. 719 0
Жыршылық өнер жақұты

Жыршылық өнер жақұты

Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, тот баспай жеткен жыршылық өнерді жалғастырушылар жетерлік. Жан тебірентер терменің мақамын бұзбай, нақышына келтіре орындап жүрген Ақмарал Ідірісова солардың қатарында. Қазақтың қара домбырасының үнін әуелетіп, киелі өнерді дәріптеп жүрген талантты жастың талабы биік. Ол жыршылықтың өшпес жолын қалыптастырғысы келеді. Бүгінде Арал аудандық мәдениет орталығында өнерін шыңдап жүрген бойжеткеннің шерткен күйі мен шырқай салған әнін тыңдарман таңдай қаға тыңдайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 наурыз 2018 г. 595 0
Асыл қазынаны ардақ тұтқан

Асыл қазынаны ардақ тұтқан

Қазалының кітапқұмар жұрты тегіс танитын Злила Мұстафаеваны қашанда қарбалас шаруаның ортасынан табасыз. Бірде кітапханада өтетін мәдени шараның басы-қасында жүрсе, кейде  жас мамандармен өзі­нің осы саладағы мол тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып қанаттандырып отырғанын көресіз. Әсілі, «қанат ұшса қатаяды» деп текке айтылмаған. Мұндай пайдалы кеңестен соң еңбек жолын жаңа бастаған маманның бойында өзіне сенім, жұмысына деген құштарлық қалып­тасатыны тағы рас.Зояның әкесі, марқұм Шүйіншалы көкеміз байырғы ұстаз бола­тын. Ұлы Отан соғысының ар­дагері Шөкең аса мейірімді, парасаттылығына қоса білімді де өнерпаз жан еді. Осынау өнерге жақындық көкеміздің ұрпақтарының бойына да дарыған. Кезінде Берік, Серік есімді ұлдары гитарада жақсы ойнап көзге түссе,  немересі Абай мектепте жүргенде мықты әнші ретінде көрермендерінің талай қоше­метіне бөленді. Злиланың кітапқа деген құштарлығы әкенің қанымен дарыған десек, артық емес. Оқу-білімге құштарлық жыл алға жылжыған сайын одан әрі маздай түсті.  
АҚПАРАТ 08 наурыз 2018 г. 594 0