Кеше Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев брифинг өткізіп, республикалық БАҚ өкілдері мен блогерлерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы кеңінен ақпарат берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қазан 2017 г.
711
0
Мұстафа Шоқай шыққан өңірден тағы бір нар тұлғаның шықпауы мүмкін емес. Шахмардан Есенов – тек Сыр елінің ғана мақтанышы емес, бүкіл исі қазақтың маңдайына басқан тұлғасы. Биыл осынау көрнекті тұлғаның туғанына – 90 жыл.
ТАҒЫЛЫМ
19 қазан 2017 г.
1 005
0
«Тура тоғызда келемін деп еді. Екі сағат болды, әлі жоқ. Денсаулығы қалай екен өзінің. Баратын жері де бар еді. Оу, бұл Әукеңдер не көрмеді сұрқай тіршілікте. Сол жаманшылық жылдары екі ағасы бірдей атылып кетті. Өзі әйтеуір дәм-тұз бұйырып аман қалды. Аты-жөнін өзгертіп, Қарақалпақ асты. Сол жақтың нан-тұзы бұйырып, әйтеуір аман қайтты. Қазақ ғалымы, қазақ ауыз әдебиетінің тұнығы, сарқырап аққан Сырдариясы ғой бұл кісілер». Шахмардан сағатына қарады. Уақыттың тілі таңғы оннан асып барады. Бір елдің Ғылым академиясының басшысына істер іс аз ба еді? – «Тағы бір жарты сағат күтейін. Денсаулығы сыр беріп жүрген жоқ па екен ағамыздың?». Өзінің іс қағаздарын аударыстырып, қол қоятынына қол қойып, күн дүйсенбі болғасын үлкен ұжымның тәртібіне бағынып, тағы да сағатына қарады.
ТАҒЫЛЫМ
19 қазан 2017 г.
874
0
20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ20 қазан(жұма)
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қазан 2017 г.
718
0
Ауыл азаматтары атакәсіпті қайта жандандыруға ниетті. Себебі, мал шаруашылығын дамытуға мемлекет басымдық беріп отыр. Бұл мол мүмкіндікті тиімді пайдаланған ауылдағы ағайындар төрт түлікті көбейтіп қана қоймай, ет, сүт бағытындағы экологиялық таза өнімді нарыққа молынан шығара бастады. Мұндай игі бастаманы қолға алғандардың бірі – Аққұм ауылының тұрғыны Жандос Әптаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қазан 2017 г.
785
0
PDF
19 қазан 2017 г.
572
0
Қазақстан Республикасы мен Байқоңыр қаласының салық төлеушiлерінің өзара саудадағы жанама салық салуға байланысты енгізілген өзгерiстер туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Әділбек Бекішев жауап береді.
Cұхбат
18 қазан 2017 г.
1 476
0
ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың баспасөз конференциясы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қазан 2017 г.
788
0
Мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогияғылымдарының докторы, ғалым Шахмардан Есеновтың90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралардыңБАҒДАРЛАМАСЫ
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қазан 2017 г.
729
0
Елдің амандығы мен шекараның бүтіндігі, мемлекетте тіршілік ететін барлық этнос өкілдерінің түрі өзге болса да, тілегі бір болуы, барша халықтың ынтымақты, бейбіт өмір сүруі – әрбір ел үшін басты мәселе. Әсіресе, әлемді жапыра сипап келе жатқан мына жаһандану үрдісінің бұрынғыны ысырып, көмескілендіріп, жаңа нәрсенің жақсысы мен жаманын ажыратуға мүмкіндік бере бермейтін алмағайып кезеңінде қазақ халқының табанында тік тұрып қалуының тиянақты тетіктері Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде егжей-тегжейлі баяндалған. Оны тереңдей оқып, түсіне білген адамға шартараптың көп құпия сандықтарының кілтін берілері анық. Нұрсұлтан Әбішұлы аталмыш маңызды құжатында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп атап көрсетеді. Және де, «Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық», деп те ескертеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қазан 2017 г.
736
0