Бір күні жұмыс бөлмеме екі қыз келді. Бұйымтайларының шет жағасын айтқан қыздардың атын сұрадым. Біріншісі өзін Адила деп, екіншісі Бопа деп таныстырды. Мен екінші қыздың атына ойланып қалдым.– Бопа ма, Бота ма?– Бопа.– Мүмкін Бопай шығар.– Төлқұжатымда Бопа деп жазылған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 тамыз 2017 г.
1 365
0
Мемлекет тәуелсіздігіне қол жеткізу, оның негізін қалау түсінген адамға оңай шаруа емес. «Тәуелсіз ел болдық» деп бөркімізді аспанға атып қуану айтар ауызға жеңіл дүние болғанымен, шынайы экономикалық және ұлттық тұрғыдан Тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстан үшін оңай болған жоқ. Көк байрағымыздың биік желбіреп, төрткүл дүниеге дербес ел атанғанымызды нақты іспен көрсету үшін ұлтжанды азаматтар тоқсаныншы жылдардың басында жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етті. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігіне ие болған 1991 жылдары ең алғашқы Қазақстан Үкіметін басқарып, тәуелсіздіктің қазығын тереңге батыра қаққан азаматтардың көшбасында Ұзақбай Қараманов болды. Саналы ғұмырын Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жұмсаған тұлғаның өмір жолына көз салған адам ел Тәуелсіздігінің шежіресін оқып отырғандай күй кешеді. Иә, дәл солай. Бұл – артық-кемі жоқ, ешқандай әсіре-қызылсыз, боямасыз айтылған шын сөз.
ТАҒЫЛЫМ
24 тамыз 2017 г.
913
0