Екінші күні форумға қатысушылар Арал теңізінің қазақстандық бөлігін тікұшақпен аралады. Онда Сырдария сағасынан бастап Солтүстік Арал акваториясы аралығындағы қайта салынған және жөнделген гидротехникалық құрылғыларды, «Ақлақ» тоспасын, «Көкарал» бөгетін, қалаға жақындаған Кіші Арал теңізін әуеден бақылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
828
0
Тұрақты даму жөніндегі Арал халықаралық форумы аясында Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының бас директоры Т.Мұсабаев Қызылорда қаласы мен аудандардың, мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуде Қызылорда облысының және Арал аймағының кешенді даму барысындағы қала құрылысы құралдары туралы әңгіме өрбіді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
475
0
Кеше жалағаштықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, кент іргесіндегі «Халқымен қайта қауышқан есімдер» аллеясына гүл шоқтарын қойды. Шарада аудан әкімі Талғат Дүйсебаев сөз сөйледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
602
0
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қызыл империя әдейі ұйымдастырған қанды террор мен жаппай репрессия қазақ халқының тарихында мәңгілік өшпестей қаралы таңба қалдырды. Кеңестік жүйенің қандықол жендеті НКВД салған зұлымдықтар салдарынан халқымыздың көптеген аяулы азаматтары жазықсыз жазаланды. Сұмдығы сол, НКВД органдары тұтқындауларды жоспарлы түрде жүргізген болатын, яғни ай сайын қанша адам ұсталуы керек деген рақымсыз нұсқаулар жоғарыдан түсіп тұрған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
573
0