13 мамыр күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің және Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдерінің қатысуымен ІІІ облыстық малшылар слеті өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
874
0
13 мамыр күні Қызылорда облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. ҚР вице-премьері және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған ауданындағы бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, «Мал шаруашылығын дамытудағы кооперацияның рөлі туралы» аймақтық семинар кеңеске қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
733
0
Қызылордада «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша аймақтық комиссияның отырысы өткізілді. Облыстық мәслихат депутаты Асқар Маханбетовтың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелерімен қатар, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығы, бастауыш партия ұйымының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
472
0
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира СУХАНБЕРДИЕВАНЫҢ қатысуымен «2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы» туралы баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды Baq.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
535
0
PDF
13 мамыр 2017 г.
516
0
Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Atameken Business Channel телеарнасына берген сұхбатында айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
503
0
Сырдария өзенінің жағасына қоныс тепкен сырбойылықтар көктем келісімен әбігерге түсетін. Өйткені, асау мінезді дарияның су тасқыны шабындық пен жайылымдық, егістік жерлерді ғана емес, елді мекендерді де әбігерге салатын. Осы бір төтенше жағдай салдарынан су шайып кеткен егіс көлемі қысқарып, шабындық, жайылымдық жерлер де жұтаңдап, кәдеге жарамай қалушы еді. Осындай жағдайға ұрынбау үшін, су қаупін сейілту мақсатында сырбойылықтар күн-түн дамыл таппай дария суын басты бақылауларына алып отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
722
0
Дәстүрлі түрде биыл ІІІ-ші облыстық малшылар слеті Қаратау етегі Қақпа шатқалында ағымдағы жылдың 13- мамыр күні өтетін болды. Бұл малшы қауымға жасалған құрмет және мұны мал басының артуы деп білген жөн. Себебі жыл сайын төрт түліктің саны көбейіп, өріс өсіп,қора құтқа толып келеді. Оны ауылшаруашылығы басқармасы берген мәліметтен-ақ аңғаруға болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
653
0
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша университетте атқарылатын іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар жобасы бекітілді. Медиа-жоспарға сәйкес Елбасы мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қ.А.Бисенов студенттерге «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және жастар» тақырыбында арнайы дәріс оқыды. Саяси-экономикалық жаңғырумен бірге, рухани жаңғыруға бастайтын бағдарламалық мақаланың мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Ондағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы деп аталатын 6 бағытқа жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының ел дамуы жолында ерекше мәнге ие екендігін баяндады. Сондай-ақ ұлттық сананы айқындап, қоғамдық сананы өзгертуге арналған Елбасының бағдарламалық мақаласына дүниетанымдық-идеологиялық мақала деп баға берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
711
0
Ескі әңгімелерге есім кете құмартамын. Баяғыда көрші кемпір үйге келіп апаммен әңгіме-дүкен құрады. «Құлағың қалқаймай, далаға бар!» деп мені сыртқа қуады. Ол – әрине, мен тыңдайтын сөз емес екенін біле қоям. Мен тыңдайтын сөз шалдардың аузынан шығатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 мамыр 2017 г.
797
0