Қызылордада «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша аймақтық комиссияның отырысы өткізілді.
Облыстық мәслихат депутаты Асқар Маханбетовтың төрағалығымен өткен жиынға комиссия мүшелерімен қатар, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылығы, бастауыш партия ұйымының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Комиссия төрағасы Асқар Маханбетов, Елбасы биылғы Жолдауында цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді тапсырғаны белгілі. Осы маңызды міндетті жүзеге асырудажергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Елбасы тапсырған міндеттерді абыроймен атқаруға күш салуға тиіспіз. Мемлекет басшысы индустрияны цифрлық технология арқылы құруды, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг секілді перспективалы салаларды дамытуды және «ЭКСПО – 2017» көрмесі нысандарының бірінде халықаралық деңгейдегі ІТ-стартап технопаркін жасақтауды тапсырды. Жоғары технологияны, соның ішінде «цифрлық қоғамды» енгізуге қатысты міндеттер партияның сайлауалды бағдарламасында да көрсетілгендігін ерекше айтып өтті.
Отырыстың күн тәртібіне: «Өңірде жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарылған жұмыстар» мәселесі қойылып,талқыланды.
Бұл жөнінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы орынбасары Жанар Берденова баяндама жасады.Оның айтуынша өңірде жеделдетілген технологиялық даму бойынша, индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында 6 кәсіпорын жаңа технологиялық құрал-жабдықтарды өндіріске енгізген.Соның ішінде «Арал Тұз» акционерлік қоғамы «Ас және техникалық тұз өндіретін 2 Испан технологиясы бойынша жұмыс жасайтын цехты іске қосты. Нәтижесінде, кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, өткен жылы шет елдерге 60% өнімін экспорттаған.Яғни, экспорт көлемін 40 есеге көбейткен. Сондай-ақ қосымша жаңа 200 жұмыс орыны құрылды»,- деп атап өтті Жанар Берденова.
Сондай-ақ биыл өңірде «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында кен байыту комбинаты мен газ турбиналық электрстанциясының құрылысы басталмақ. Экспортқа бейімделген 2 кәсіпорынды іске қосуда жоспарланып отыр. Бұлар: үшоксидты молибден өндірісі кәсіпорыны мен шыны зауыты.
Жиын барысында жаңа технологияларды енгізу өз кезегінде еңбек өнділігінің арттыруға оң ықпал жасайтындығы айтылытып, комиссияның алдағы жұмыс жоспары белгіленді.