Қазақта «Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды» деген тәмсіл бар. Көктемгі қарекетке кіріскен елдегілер тіршілігі осыны еске түсіреді. Сыр диқандары көктемгі дала жұмыстарына кірісті. Қазір жер жырту, топырақ тегістеу және тұқым дайындау жұмыстары қызу жүргізілуде. Қызылордалық шаруалар биыл 160 мың гектар алқапқа егін екпек. Оның 78 мың гектары өңірдің басты дақылы – күрішке тиесілі. Диқандар негізінен ресейлік сұрыптарды таңдап отыр. Биыл жергілікті ғалымдар өндірістік сынақтан өткізген «Айсәуле» тұқымы да егіледі. Жаңа күріш тұқымының шығымдылығы мен дәмдік қасиеті көңілден шықса, жаппай қолданысқа енгізіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
775
0
Кеше облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешовтің қатысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіруге арналған идеологиялық актив отырысы өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандар активтерінің мүшелері, аумақтық, облыстық басқармалар басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
725
0
Табиғатынан елгезек, кішіпейіл де ағеден мінездің иесі болып жаратылған жандар бар. Әрі ондай адамдар биікті бағындырып, алқалы топтан дара шықса да, сол қарапайым дағдысынан жаңылмайды. Керісінше, танымалдығы артқан сайын бойын жасыра түседі. Осындайда «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды, осалдар мықтымын деп айғайлайды» деген халық даналығына еріксіз мойын ұсынасың. Егер сіз облыстық мәслихат депутаты, «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажадин Өтеев жайлы осылай ой түйсеңіз шындықтан жырақ кетпейсіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
950
0
Ауылдың қарапайым баласымын, есімім – Ермек. Мектепті бітірген соң облыс орталығындағы іргелі білім ордасына құжаттарымды тапсырып, оқуға түстім. Осы жоғары мектептің табалдырығын аттаған кезім, яғни, жайдары күз. Шаңырақтағы жалғыз бала болғандықтан ба, ата-анам қалаға қимастықпен шығарып салған-ды. Жатақханаға жайғасып алғанмын. Оқудың басталғанына бірнеше апта болған. Міне, сенбі де келіп жетті. Аңсарым ауылға ауады да тұрады. Шіркін, ауыл! Сағынышпен аңсап жетесің ғой. Ата-анаң, туған мекен, үйің, бәрі-бәрі жылы құшағын жаятындай. Әрине, мені барлығынан асыға күтіп жүрген бір жан бар. Ол менің алғашқы ғашығым – Арайлым. Мен де сағынып көрісуге асығамын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
817
0
2017 жылғы 17 сәуір күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» тақырыбында интернет-коференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына агенттік төр¬ағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев жауап беретін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
486
0
Күн шұғылалы Қазақстанның бүгінгі келбетіне әлем назар аудара бастады. Қазір әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу қадамы серпіліс туғызды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі түйіні – сананы оятудан бастау алады. Ұлттың болашағын ойлаудан туған латын әліпбиіне көшу өркениетке жеткізетін бірден-бір жол болып отырғаны баршаға аян.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
656
0
«Қазақстанда жасалған». Қызылордада "Dalatex” деген маркамен ерлер көйлегі шығып жатыр. Қазіргі таңда отандық өнім еліміздің сауда орталықтарында ғана емес, Ресей нарығында да сатылуда. Ал сапасы Түркияның жоғары сұраныстағы бренд тауарларынан бір мысқал да кем емес, дейді Baq.kz сайтының өңірдегі тілшісі. Кәсіптің негізін қалаушы Ділмұхамед Абызовтың киім саудасымен айналысқанына жиырма жылға жуықтаған. Ерлер жейдесін сапалы етіп тігуге болатындығына көз жеткізген кәсіпкер өткен жылдың мамыр айында фабрикасын іске қосты. Қажетті құрал-жабдықтарды Түркиядан алдырды. Ол үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие алған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 сәуір 2017 г.
768
0
PDF
14 сәуір 2017 г.
584
0
Наурыз айы несімен есімізде қалды? Әрине, Наурыз мерекесін тойлау. Қазақстандықтар үш күн бойы Наурыз мейрамын тойлап, мерекелік шаралар әр облыс орталығында, қалаларда, аудандарда, ауылдарда мазмұнды, көрнекі әрі ауқымды деңгейде тойланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 сәуір 2017 г.
858
0
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын облыс тұрғындарына түсіндіру мақсатында 2017 жылғы 14 сәуірде облыстық идеологиялық актив отырысы өткізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 сәуір 2017 г.
779
0