Күн шұғылалы Қазақстанның бүгінгі келбетіне әлем назар аудара бастады. Қазір әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу қадамы серпіліс туғызды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі түйіні – сананы оятудан бастау алады. Ұлттың болашағын ойлаудан туған латын әліпбиіне көшу өркениетке жеткізетін бірден-бір жол болып отырғаны баршаға аян.
Дүниеде байлық таусылады, ал білім – таусылмайтын қазына екені ақиқат. Тәуелсіздік бастау алған жылдары мыңдаған жас маңдайалды университеттерде оқуға аттанды. Бізде жоғары деңгейдегі университеттер, зияткерлік мектептер бізде кең қанат жайды.
Білімнің салтанаты жалпыға ортақ. Сондықтан болар білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен ең алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылып отырғанымыздың өзі қуанышты. Елбасы білімінің әрдайым бірінші орында тұруын мақалада қадап айтты.
Ауыл мектебінің базасы жылма-жыл ұлғая түсуде. Білікті мамандарды тарту бас-талды. Сондықтан болар, әр жыл сайын мектеп бітірген түлектеріміздің қалаған оқу орындарына түсуі жақсарды.
Елбасы рухани жаңғыру жолындағы таяу жылдардағы міндеттерді тағы да айқындап берді. Міндет – ой-сананы одан әрі түлетуге шақырған бастаманы қызу қуаттаймыз. Іргелі мақсатты насихаттауға мектеп мұғалімдері белсене атсалысады.
Сламбек ҚАЮПОВ,
№44 орта мектептің директоры.
Сырдария ауданы.