ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 462 0
Жаңа оқу жылында жаңа оқулықтар беріледі

Жаңа оқу жылында жаңа оқулықтар беріледі

6-13 наурыз аралығында Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті базасында Пәндік комиссиялардың жұмысы жүргізілді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Білім және ғылым министрінің орынбасары Элмира Суханбердиева Пәндік комиссиялар жұмысының қорытындысы туралы айтып берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 517 0
«Алтын сапа» сыйлығына құжат қабылдау басталды

«Алтын сапа» сыйлығына құжат қабылдау басталды

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен айналысатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарға 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты  жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсын жариялау туралы хабарлайды.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 406 0
Жаңа шыққан отандық оқулықтардың сапасы жоғары болмақ

Жаңа шыққан отандық оқулықтардың сапасы жоғары болмақ

Алғаш рет пәндік комиссияның құрамы 40 адамға толықты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында оқулықтардың бірыңғай дерекқорын іріктеу бойынша республикалық комиссияның жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 543 0
Сегізінші мәрте облыстық жарыстың жеңімпазы атанды

Сегізінші мәрте облыстық жарыстың жеңімпазы атанды

«Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы облыстық ақтық жарыс өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 605 0
Сенім телефоны

Сенім телефоны

Егер, Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса, діни тақырыпта күдікті адам үгіт жүргізгісі келсе, діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса, күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса, діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса, дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса, онда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының 40-00-34 сенім телефонына аптаның дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-18.30-ға дейін немесе ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің 114 «Қауырт желі»-не хабарласуыңызды сұраймыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 601 0

БІР ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП ЖАНАМ МЕН...

Биыл – Бөгеннен ұшқан бұлбұл ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтің дүниеге келгеніне 90 жыл. Өз заманында жұртым деп ақ парағы мен қара сиясын жанына серік еткен, ғылымның сан арнасынан хабардар болған Зейнолла Шүкіров – тек Сыр елінің ғана емес, барша қазақ жұртының мақтанышы. Ол 1927 жылы Арал ауданы, Бөген ауылында туған. Бала кезінен шығармашылыққа жақын өскен оның алғашқы жинағы 1955 жылы «Менің достарым» деген атпен оқырманға жол тартты. Одан кейін адамгершілікті, адал махаббат пен шынайы сезімді суреттейтін «Теңіз жырлары», «Арал дәптері», «Сағыныш» атты өлең кітаптары, сондай-ақ, Арал балықшыларының ауыр тіршілігін, өмірін бейнелейтін «Тоғысқан тағдырлар», бүгінгі замандастар келбетін ашатын «Сырлы дүние хикаялары», «Ізгілік іздері», «Қиын түйін» повестері мен «Отты өткелдер» атты романы жарық көрді. Сонымен бірге, ақынның өлеңдері мен поэмалары 1977 жылы «Таңдамалы шығармалар» деген атпен жарыққа шықты. Мұнан бөлек ол көркем аудармамен де айналысты. Орыс ақыны Ф.И.Тютчевтің «Жартас пен теңіз» атты жыр жинағын қазақша сөйлетті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 915 0
Қоғамдық кеңес тұрғындарды қоғамдық маңызы бар мәселелер жайлы ақпараттандырады

Қоғамдық кеңес тұрғындарды қоғамдық маңызы бар мәселелер жайлы ақпараттандырады

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен «Бюджет тұрақтылығы: мемлекеттік шығындардың басымдылығын қалай анықтайды?» атты  лектория барысында  ҚР Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұлов мемлекеттің тұрғындары алдында есеп беруді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес, орталық және аймақтық атқарушы органдар жанында қоғамдық кеңестер қызмет ететінін жеткізді.  Қаржы министрлігінің жанында да қоғамдық кеңестер қызмет етуде. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 522 0

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бейсенбi күні қалаға қарасты Абай ауылында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тақырыпта кездесу өткізді. Оған елді-мекен тұрғындары, мектеп ұстаздары мен ата-аналар, заңгерлер, құқық қорғау орган қызметкерлері қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 555 0
Зияткерлік ойын-сайысы

Зияткерлік ойын-сайысы

Елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» саясатын насихаттау барысында 16 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Білімнің бір биігі үш тұғырлы тіл» атты зияткерлік ойын-сайысын ұйымдастырды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 665 0