ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бейсенбi күні қалаға қарасты Абай ауылында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тақырыпта кездесу өткізді. Оған елді-мекен тұрғындары, мектеп ұстаздары мен ата-аналар, заңгерлер, құқық қорғау орган қызметкерлері қатысты. 
Кездесуді аталған қоғамдық қорының президенті, заңгер, полиция подколковнигі Қайрат Байқадамов жүргізіп отырды. – «Кездесудің мақсаты – ауыл тұрғындарына заңгер мамандар мен құқық қорғау орган қызметкерлерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру және құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндігін жасау. Сондай-ақ, терроризмді алдын алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу» – деді ол.
Жиын барысында сөз алған Қорқыт Ата атындағы ҚМУ аға оқытушысы, заңгер Айнұр Исаева жеке тұлғалардың құқықтық сауаттылығын артттыру бағыты бойынша хабарлама жасап, ауылдағы ағайындарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Мұнан соң, жер, тұрғын-үй құжаттарын заңды рәсімдеу бойынша «Геостар сервис» ЖШС заңгері, жер ресурстар жөніндегі маманы Омарғали Мұхамединұлы тұрғындардың пікірлерін тыңдады. Ал, тұрғындар тарапынан қойылған орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы сұрақтарға облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі Шолпан Үндербаева жауап берді. 
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2017 г. 551 0