PDF
10 наурыз 2017 г.
621
0
Бүгін еліміз үшін маңызы зор тарихи шешім жүзеге асты. Елбасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Мемлекет басшысы заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталғанын, оның жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтіп, соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін, арнайы құрылған жұмыс тобы ұсыныстардың барлығын сараптап, бір тұжырымға келгенін айтты. Сонымен бірге, көпшіліктің Ата Заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерекше мән берілгенін жеткізді. Парламенттің бірлескен отырысында екі рет қаралып, қабылданған бұл заң билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлетіні, сол арқылы заң шығарушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа ролі айқындалғаны айтылды. Осы маңызды тарихи сәт еліміздің саяси кезеңінің басталғанын бізге анықтап беріп отыр. Бүгін тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасымыз қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр. Ендігі кезекте барлық күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек деп ойлаймын. Самұрат ИМАНДОСОВ, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
620
0
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жария түрде қол қойды. Президент бұл тарихи сәтті «қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам» деп бағалады. Билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталған заң жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтті. Осы уақыт аралығында халық белсенділік танытып, елдің басты құжатына енгізілетін өзгерістерге өз ұсыныстарын білдірді. Бұл ұсыныстар арнайы құрылған жұмыс тобы сарабына жіберіліп, тұжырым жасауға өзек болды. Енгізілген өзгерістердің барлығы еліміздің дамуына ерекше серпін беретін маңызға ие. Мемлекет құрылымына ұсынылған өзгерістер қоғамымызды демократияландыру ісін күшейтіп, халық билігінің негізін одан әрі нығайтуға, Парламенттің ролін, Үкіметтің президенттік басқару нысаны алдындағы дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Реформаның көздеген мақсаты да осы. Бұл үдеріс ел дамуының тағы бір жүйелі және заңды кезеңіне өткенімізді айқындайды. Қайреддин БАЙМАХАНОВ, «Ерлік» үйлестіру қоғамының төрағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
613
0
Елбасының «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қоюы мәні зор маңызға ие. Бұл мемлекетіміздің жаңа тарихына, халқымыздың берекелі де бейбіт өміріне, ынтымағына бастайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, конституциялық реформалар біршама уақыт бүкілхалықтық талқылауға түсіп, ұсыныс-ескертпелер қаперге алынды. Жауапты сәттердің бәрінде ауызбіршілігімізді паш ететін игі дәстүрден бұл жолы да жаңылғанымыз жоқ. Осылайша «Қазақстан қай бағытта жүреді?» деген сұраққа жауапты нақтыладық. Біз демократиялық даму жолын таңдадық. Ата Заңымыздың жаңа нұсқасын жасау елімізді шынайы демократияландыруға қарай жасалған нақты қадамдардың бірі екенін сеніммен айта аламыз. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заман ағымына сай Қазақстан қоғамын құруға көмектесетіні даусыз. Сәулет САХИЕВ, Ақпараттық талдау орталығының басшысы, саяси ғылымдар кандидаты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
717
0
Жаңадан қабылданған Ата Заңды бүкілхалықтық келісімнің Конституциясы деп атауға толық негіз бар. Бұл туралы бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық Коалициясының кезектен тыс отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
496
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойып, Қазақстан халқына бейне үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
509
0
ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Жексенбіде балалар жаппай суицид жасайды" деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
526
0
Мәжіліс депутаттары министрлерді тағайындау мүмкіндігіне ие болды бүгін, 17:1313 0 © Тұрар Қазанғапов Президент қол қойған заң Мәжіліс депутаттарына министрлерді тағайындау мүмкіндігін берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
448
0
Ағымдағы жылы республика бойынша үш бағыттағы тасжолда ақылы жүйені орнату жұмыстары атқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
472
0
2017 жылдың 10 наурызына бос жұмыс орындарының тізімі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 наурыз 2017 г.
587
0