Жолдарда ақылы жүйе енгізілетін уақыт аталды

Жолдарда ақылы жүйе енгізілетін уақыт аталдыАғымдағы жылы республика бойынша үш бағыттағы тасжолда ақылы жүйені орнату жұмыстары атқарылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Биыл тек теxникалық жұмыстар ғана жүргізіледі. Бұл дегеніміз, "Астана - Теміртау", "Алматы - Қорғас" пен "Алматы  - Қапшағай" тас жолдарында ақылы жүйені орнату шаралары атқарылады. Ағымдағы жылда ешқандай ақы алынбайды. Ал келесі жылы, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған үш бағыт ақылы болады", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі транзиттік және көліктік логистиканы дамыту департаментінің директор орынбасары Серік Башимов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, жаңа жолдардағы ақының мөлшері "Астана - Бурабай" тасжолымен бірдей болады. Атап айтқанда, жеңіл көліктер әр шақырым үшін 1 теңге төлесе, жүк көліктері үшін 25 теңге болады. "Қазіргі кезде "Астана - Бурабай" тас жолынан жыл сайын 1,5 млрд. теңге түсіп отырады. Ол ақшаға жолды күтіп ұстау, сан алуан жөндеу шаралары атқарылады. Жаңа ақылы үш жолдың ақшасы да соған жұмсалады", - деп атап көрсетті Башимов.     

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 наурыз 2017 г. 472 0