Кеше Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты кеңес өткізді. Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Бас прокурор А.Дауылбаев және басқалар қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қаңтар 2016 г.
1 028
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен салық базасын кеңейтуге арналған мәжіліс өтті. Мәжілісті ашқан аймақ басшысы салық саласында өткен жылды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындап алу қажеттігін атап өтті. Жергілікті атқару органдарының ең негізгі міндеттері – салық базасын кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін жеткізген Қырымбек Елеуұлы салық базасын кеңейту дағдарыс кезеңінде өте маңызды және өзекті мәселе екеніне назар аударды. 2015 жылғы міндеттеме 106,6 пайызға орындалып, жергілікті бюджетке 38,7 млрд теңге түсті. Жергілікті бюджетке түскен салық әлеуметтік, жеке табыс және мүлік салығынан болып отыр. Мұнай бағасының төмендеп жатқан кезде салық базасының тұрақтылығын қамтамасыз ету оңайға соқпайды. Сондықтан салық базасының тұрақтылығын арттыру үшін қолда бар резервтерді пайдалану қажет.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қаңтар 2016 г.
1 299
0
Бүгінде Кеңес одағынан бері көмір тасып, күл шығарып келген тұрғындардың көңілі шат. Қалалар мен елді мекендерге табиғи газ жеткізіліп, пайдалануға берілуде. Аудандарды газдандырудың 2014 жылы іске қосылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының арқасында қол жеткіздік. Жалпы ұзындығы 1143 шақырым болатын магистральды газ құбырының 846 шақырымы біздің облыстың аумағынан өтіп жатыр. Содан көп кешікпей, яғни былтырғы жылы облысты кешенді газдандырудың бірінші кезеңі басталып кетті. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес, 23 миллиард теңге қаражат бөлініп, қазан айының ішінде төрт бірдей аудан – Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандарының орталықтары газға қосылды. Бұдан бөлек, Байқоңыр қаласы да газдандырылды. Бұл – үлкен жетістік. 2014 жылы облысты табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызды құраса, 2015 жылы өңір халқының 63 пайызы, яғни шамамен қосымша 476 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қаңтар 2016 г.
1 307
0
PDF
21 қаңтар 2016 г.
853
0
Өткен жылы облыс орталығына жақын орналасқан Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылында тегеурінді тірліктер атқарылды. Алдымен, аманкелділіктердің талай жылғы арманы болған ауыз су мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қаңтар 2016 г.
1 039
0
Қос полицейді пышақтаған қызылордалық бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз хатшысы Исағали Тұңғышбаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қаңтар 2016 г.
1 037
0
Бүгін Қызылорда ОІІД-нің баспасөз орталығында қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Асылбек Бексейітовтің қатысуымен «Алаяқтық сипатындағы қылмыстарды ашу, алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты өткізілді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қаңтар 2016 г.
982
0
Сонау 80-жылдарда, айы-күніесімдеқалмапты, халық театры бөлмесіндеРысбекекеумізнағашы-жиен болып, қағытпасөзбенбір-бірімізді қажай әңгімесүреңдетіпотырғанбыз. Кенет тақылдаған таяқтыңдыбысыМәдениетүйініңұзынфойесінбойлайестілді. Рысбек айтып отырғанәңгімесінжұмыршағынақайтажұтып, маған қарады. Мендетүсіндім. Бұл «шал кележатыр» дегені. Шал дегенімізұстазымыз – ӘбілханМаханов болатын. Бөлме есігін айқара ашып, мал түгелдегендей жоқ көзінің қасын қимың-қимың еткізіп, жолбарыс дауыспен: «отырсыңдар ма?!» деп күркіреді. «Отырсыңдар ма?» деген сөздің астын кеулей, біз екеуміз «Ассалаумағалейкүмді» жаудырып жатырмыз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ
20 қаңтар 2016 г.
951
0
ҚОҒАМ
20 қаңтар 2016 г.
722
0
Қылмыстық істердің тергелуіне көңіліңіз толмай ма? Қалалық ішкі істер басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығына жазған өтініштеріңіз қараусыз қалған жағдай кездесті ме?
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қаңтар 2016 г.
795
0