БИЛІК
21 қараша 2015 г.
1 019
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларға арналған мәжіліс өтті. Мәжілісті ашқан аймақ басшысы әлемдік қаржы дағдарысы көптеген жоспарларымызға өзгеріс енгізуге мәжбүрлеп отырғанын жеткізді. Қырымбек Елеуұлы осы ретте ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық қаржы корпорациясы» және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын еске салып өтті. Меморандум өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау арқылы мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасын нығайтуға зор ықпал ететін болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
839
0
PDF
21 қараша 2015 г.
872
0
Кеше Қызылорда облысына жұмыс сапармен келген СК «Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаевтың қатысуымен мәжіліс өтті. СК «Фрамация» халықты уақытылы, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар бірыңғай дистрибьютор жүйесін жолға қоюды көздеп отыр. Осы орайда облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс істеп, алдағы уақытта аймақта орталықтандырылған дәрі-дәрмек қоймасын салу да жоспарда бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
734
0
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс – қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
756
0
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев 2030 жылға қарай «Байқоңыр» ғарыш айлағында гептилмен жұмыс істейтін бірде-бір зымыран қалмайтындығына уәде берді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
742
0
Үстіміздегі жылдың 16-19 қараша аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында бокстан республикалық турнир өткізілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
729
0
Қызылорда облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше облыста 648 мектепке дейінгі білім беретін мекеме жұмыс істейді. Оның 390 – балабақша, 258 – шағын орталықтар. Барлығы 43351 бүлдіршін мектепке дейінгі білім беретін мекемемен қамтылған. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 94 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі. Осылайша «Балапан» бағдарламасы белгіленген мерзімінен бұрын орындалмақ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қараша 2015 г.
910
0
Қазіргі заман қаһармандары Қармақшыға келіп, Қорқыт ата кешенімен танысты, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қараша 2015 г.
1 022
0
Кеше Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 қараша 2015 г.
849
0