
Қазіргі заман қаһармандары Қармақшыға келіп, Қорқыт ата кешенімен танысты, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Одан әрі тұрғындармен кездесіп, ерліктің үлгісіндей тәртіп
сақшылары бастарынан өткен оқиғаларын баяндады. Аудан әкімі Сұлтан
Мақашов: «Сіздердің ерліктеріңіз жас ұрпаққа үлкен өнеге. Бастарыңызды
қауып-қатерге тігіп, еліміздің ішкі тыныштығын, жас ұрпақтың, ананың,
бауырдың, жолдастың бар өмірін сақтап қалудағы ерліктеріңізге шынайы
алғысымды білдіремін», - деп, оларды марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Кездесу Алматы қалалық ІІД-нің ән-би ансаблі әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.