Ұлттық рух пен сананы қалыптастыратын тарих пен мәдениет екенін білсек, бүгінгі күні ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, еліміздің туристік кластерін жандандыру, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен пайдалану шараларын тиімді жүргізу бағытындағы мәселелер мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналғанын атап өту қажет. Бұл Елбасы Жолдауларында да айқын көрініс табуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
752
0
19 қараша күні Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан өткен «TALLINN TROPHY 2015» халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені еншіледі. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
577
0
Қызылордалықтар желтоқсан айынан бастап Сырдария суын ауыз суға пайдаланбайтын болады. «Қызылорда қаласындағы ауыз су және кәріз жүйелерін, ғимараттарын қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы негізінде «Дала» су тоғанының құрылысы жүргізілді. Мұнда тереңдігі 520 метр болатын 20 су бұрғылау ұңғымасы салынды. Облыс орталығына дейін 22 шақырым су жүйесі тартылып, бірінші және екінші сорғы станциялары, 2000 текше метрлік төрт су қоймасы пайдалануға берілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
1 085
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
1 002
0
БИЛІК
21 қараша 2015 г.
1 019
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларға арналған мәжіліс өтті. Мәжілісті ашқан аймақ басшысы әлемдік қаржы дағдарысы көптеген жоспарларымызға өзгеріс енгізуге мәжбүрлеп отырғанын жеткізді. Қырымбек Елеуұлы осы ретте ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық қаржы корпорациясы» және «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын еске салып өтті. Меморандум өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бірлескен жобаларды іске асыруды қолдау арқылы мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасын нығайтуға зор ықпал ететін болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
839
0
PDF
21 қараша 2015 г.
872
0
Кеше Қызылорда облысына жұмыс сапармен келген СК «Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұржан Әлібаевтың қатысуымен мәжіліс өтті. СК «Фрамация» халықты уақытылы, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар бірыңғай дистрибьютор жүйесін жолға қоюды көздеп отыр. Осы орайда облыс әкімдігімен бірлесе жұмыс істеп, алдағы уақытта аймақта орталықтандырылған дәрі-дәрмек қоймасын салу да жоспарда бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қараша 2015 г.
734
0