Шиелі ауданында әлеуметтік нысандарының қатары артып келеді

Шиелі ауданында әлеуметтік нысандарының қатары артып келеді

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен Гигант ауылдық округіндегі өткен жылы пайдалануға берілген «Бидайкөл» дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен көрді. Денсаулық сақтау мекемесінің құрылысына облыстық бюджеттен 79 млн. 420 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған амбулаторияда 2 дәрігер, 7 медбике жұмыс істейді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2015 г. 734 0
Жерлестеріміз жарады

Жерлестеріміз жарады

Павлодар қаласында грек-рим қүресінен Қазақстанға белгілі жаттықтырушылар Иван және Сергей Ярмоленколарды еске алуға арналған турнир болып өтті. Бұл халықаралық спорт сайысына еліміздің барлық аймақтары мен Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейдің Омск, Новосібір, Барнаул қалаларынан 332 жас палуан қатысты. Дүбірлі додада бақ сынаған Қызылорда облысы командасы 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншіледі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2015 г. 715 0
Жаңақорған ауданында жаңа балабақша ашылды

Жаңақорған ауданында жаңа балабақша ашылды

Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округінде 90 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2015 г. 1 161 0
Қызылорда облысында түнде қатты аяз болады

Қызылорда облысында түнде қатты аяз болады

Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғыша антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2015 г. 799 0
«Ақмешіт» ансамблі Арал ауданында болды

«Ақмешіт» ансамблі Арал ауданында болды

Қазақ хандығының 550 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қызылорда облыстық «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Томирис» би тобы концерттік бағдарламасымен Арал ауданында іс-сапармен болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2015 г. 735 0