Жаңақорған ауданында жаңа балабақша ашылды

Жаңақорған ауданында жаңа балабақша ашылдыЖаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округінде 90 орындық балабақша ашылды. Елбасының «Балапан» бағдарламасы негізінде бой көтерген бөбекжайдың ашылу салтанатына облыс әкімі қатысты.

Балабақша барлық талапқа сай жасақталған. Жаңа нысанның бой көтеруімен ауылда балабақша мәселесі толықтай шешімін тапты. Ауыл тұрғындары бүлдіршіндерінің талапқа сай ғимаратта, тәрбиеленетініне дән риза.
Жаңақорған ауданының орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Нұрлы сенім» балабақшасы жұмыс жасайды. Бұл жеке балабақша. Әрине, он екі мүшесі түгел емес жандармен жұмыс жасау оңай емес. Балабақша аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балаларды сауықтырып және әр баланың жағдайына қарай білім беріп, қоғамда өз орындарын қалауына үлес қосып келеді.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев Елбасымыздың бүлдіршіндерді балабақшамен толық қамту қажеттігін межелі міндет ретінде тапсырғанына тоқталды. Балабақшалар тек бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатқан жоқ. Кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары да балабақша ашуға өз үлестерін қосып отыр. Яғни, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі енгізілген. Соның арқасында бүгінде облысымызда жекеменшік балабақшаның саны артып келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2015 г. 1 140 0