Павлодар қаласында
грек-рим қүресінен Қазақстанға белгілі жаттықтырушылар Иван және Сергей
Ярмоленколарды еске алуға арналған турнир болып өтті. Бұл халықаралық спорт сайысына еліміздің барлық аймақтары мен Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейдің Омск,
Новосібір, Барнаул қалаларынан 332 жас палуан қатысты. Дүбірлі додада бақ сынаған Қызылорда облысы командасы 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Арал
қаласының №19 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Талғат Қожекеновтің
шәкірттері Қарабеков Нұржан 42кг салмақ дәрежесі бойынша 44 палуанның ішінде
күміс, Ақбалаев Берекет 59кг салмақ дәрежесі бойынша 33 палуанның ішінде күміс
және Мырзағазиев Нұрсейт 53 кг салмақ дәрежесі бойынша 42 палуанның ішінде қола
медаль иеленді.
Ақбалаев Берекет, Мырзағазиев Нұрсейт қазіргі
таңда Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы дарынды балаларға
арналған спорт интернатының жаттықтырушылары Валерий Шамин мен Фанис
Давлетовтың қарамағында жаттығуда.