ҒАЛАМТОРҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗГЕНДЕР

ҒАЛАМТОРҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗГЕНДЕР

Ғаламтордың соңғы онжылдықта өте жылдам дамығаны сонша қазір адамдардың онсыз тірлігі бітпейтіндей көрінеді. Оның орнын ештеңе баса алмайды, ешқандай балама жоқ. Интернет білім алуға, жаңа затты білуге құштар адамның немесе ермек етіп, көңіл көтергісі келетіннің шөлін қандыратын терең көл іспеттес.
ТАНЫМ 22 шілде 2014 г. 1 204 0
«ШЕТ ЕЛДЕ ОҚУ МӘСЕЛЕ ЕМЕС, МӘСЕЛЕ – КІМНІҢ ОҚЫҒАНЫНДА»

«ШЕТ ЕЛДЕ ОҚУ МӘСЕЛЕ ЕМЕС, МӘСЕЛЕ – КІМНІҢ ОҚЫҒАНЫНДА»

Құрылғанына жыл тола қоймаса да, Қызылорда облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы талай шаруа тындырып үлгерді. Халықтың әртүрлі топтарымен кездесіп, дәстүрлі емес және деструктивті діни ұйымдардың қоғамға зияны туралы айтумен келеді. Қала және аудан әкімдіктері жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппаратының мүшелеріне тоқсан сайын семинар өтіп тұрады. «Жыл басынан бері облыс орталығында жүзден астам шара ұйымдастырылып, оларға 5 мыңның үстінде адам қатысты. Біз осылайша дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды насихаттауға тырысамыз», – дейді орталық директоры, дінтанушы Тұрар Әбуов.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 973 0
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ЖҮЙЕ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢАША ЖҮЙЕ

Еліміз білім беру жүйесінің санға ғана емес, сапаға негізделуі бүгінгі күннің талабы екені белгілі. Соған орай білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруы қажет. Біз өмір сүріп отырған кезең – жаңа дәуір. Сондықтан ол жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы тіпті ерекше. "Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалының директоры Бауыржан Елеусінов жуырда Оңтүстік Корея мемлекетінде болып қайтқан еді. Енді осы сапар барысы турасындағы тілшіміздің сұхбатын оқырмандар назарына ұсынғанды мақұл көрдік.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 2 604 0

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ, ЖАС ТҮЛЕК

Бірде екі қыздың әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім. Ойлары бір жерден шығып отыр. Бастарын шұлғып, бірінің сөзін бірі қолдап, өздерінше ойларының дұрыстығына сенімдері мол. Иә, бұлар мамандық таңдауда ата-анасының пікіріне құлақ асып және қоғамдағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасап отыр еді. Сөздеріне қарасам, екеуі де оқушы үшін үлкен сынақ саналатын белестен жақсы нәтиже көрсеткен. Мемлекеттік оқу грантын жеңіп алуға деген мүмкіндіктері де бар екен. Алайда мені таңғалдырғаны, осынша уақытқа дейін қандай маман иесі атануды ойламағаны болды. Жүйелі ойы жоқ, саналары сан жақта.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 4 960 0

“БАБАЛАРҒА ТАҒЗЫМ” ЖОРЫҒЫ

Жалағаш ауданы әкімінің қолдауымен есімі елге танымал би Өмірбай шешен зиратына ескерткіш белгі қою мақсатында "Бабаларға тағзым” атты жорық-саяхаты өткізілді. Бұл саяхатқа көнекөз қариялар мен жас ортасындағылар жасақталып, алты автокөлікпен шалғай жерде қоныс тепкен би зиратына ат бастарын бұрды. Аудан әкімдігі саяхатқа қатысушыларды барлық қажеттіліктермен, дәрі-дәрмектермен қамта­ма­сыз еткен. Саяхатшылар межелі жерге барып-қайту жолдарын есептегенде 640 шақырым жолмен жүріп өтіпті.
АҚПАРАТ 22 шілде 2014 г. 1 069 0

ЖАЛАҒАШ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Мұсылмандар қауымының қасиетті Рамазан айына байланысты аудан әкімі Т.Дүйсебаев Жалағаш кентіндегі "Иманқұл” мешітінде ауызашар рәсімін жасады. Аудан басшысы жиналғандарды Ораза айымен құттықтап, отбасыларына аманшылық, береке-бірлік тіледі. 
АҚПАРАТ 22 шілде 2014 г. 1 169 0

НАРТАЙ ЖЫРЛАҒАН ҰСТАЗ

Ел еңсесін көтеріп, жырын көкке самғатып, ақын Нартайдың атақ-даңқы дүркіреп тұрған кез. Көкірегі жырға толған ақын "Алғабастың” қырманында қара гармоньды құлаштай сермеп, көкке ұшқан құс­тың қанат қағысын баяулатып тұр. Нет­кен шырқау, төгілген жыр. Шаршап-шалдыққан диқандар бой жазып, бір серпіліп қалды. Алыстан "Көк жорғалы” біреу құйындатып келеді. Жас бала екен. Ауылындағы ат бапкерінің баласы екенін бірден таныды Нартай.
ТАНЫМ 22 шілде 2014 г. 1 523 0

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТАР

Қызылорда облысының ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының ұйым­дастыруымен аудандық орталық кітапханада «Бизнес биігіне біліммен» тақырыбында кәсіпкерлерге арналған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
РУХАНИЯТ 22 шілде 2014 г. 962 0
ҚАЗАЛЫНЫҢ БАЗАРЫ – АУЫЛ-АЙМАҚ АЖАРЫ

ҚАЗАЛЫНЫҢ БАЗАРЫ – АУЫЛ-АЙМАҚ АЖАРЫ

Бүгінгі таңдағы кәсіпкерлік саласы ерекше қарқынмен дамығанына талас жоқ. Бұл ел арасында «Кіші Түркістан» аталатын Қазалыға да тән көрініс. Кент орталығындағы талапқа сай базарлардан іздегеніңізді қиналмай табасыз. Аудан көлемінен асып, әрісі – Шалқар, берісі Байқоңырдан ат арытып жетіп сауда жасап жатқандарды кездестіресіз. Міне, халық бағасының шынайылылығының дәлелі.
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 1 177 0
БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

БАЛАЛАР ДЕМАЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

ҚР Премьер-министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы (2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы” өкіміне сәйкес "Қызылорда облысында 2014 жылға балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылу шараларын ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары” бекітіліп, соған сәйкес жұмыс жүргізілуде. 
ҚОҒАМ 22 шілде 2014 г. 2 111 0