Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу.
ҚОҒАМ
01 сәуір 2014 г.
911
0
Құрметті облыс тұрғындары! Салық органдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын мейлінше жақсарту, кәсіпкерлерге бизнесті жүргізуге қолайлы және тиімді жағдайлар жасау, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, ақшасыз есеп айырысуды дамытуға қолдау көрсету, халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылату, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу және елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейін барынша болдырмау мақсатында, үстіміздегі жылдың 1 сәуірі мен 1 шілдесі аралығында облыс аумағында «Көлеңкелі экономикаға Халық пен салық қызметі қарсы» атты акция өткізілетіндігін хабарлаймыз. Акция барысында осы бағытта автожолдар бойында билбордтар орналастыру, халық арасында кітапшалар мен буклеттер тарату, студент жастармен кездесу және облыс жұртшылығы арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
АҚПАРАТ
01 сәуір 2014 г.
812
0
Облыс орталығындағы "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде” "Қоршаған орта балалар көзімен” атты жас суретшілер байқауы өтті.
ҚОҒАМ
01 сәуір 2014 г.
3 844
0
Елбасы өзінің биылғы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтарын атап көрсеткен болатын. Шындығында, әлемнің озық отыз елінің қатарына ену оңай шаруа емес. Ол үшін алғаш кезекте ел экономикасының барлық саласын дамытуды қолға алу қажет. Соның ішінде құрылыс саласын өркендетудің орны бөлек. Өйткені, қандай адамның болмасын жайлы өмір сүруі басындағы баспанасы мен сапалы қызмет көрсететін түрлі әлеуметтік нысандарға да тікелей байланысты. Онсыз елдің өсіп-өркендеуін елестету де мүмкін емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
01 сәуір 2014 г.
1 377
0
Қытайдан келетін көкөніс пен жеміс-жидектердің біздің азық-түлік нарығында үлесі үлкен екені анық. Осыған орай, биылғы жыл басынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» (Шығыс Қазақстан облысы) және «Покиту» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттері іске қосылды. Екі жақты бұл жобаның мақсаты – Қазақстанға Қытайдан келетін көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерінің жылдам әрі заңды өтуін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаудың бір шарасы болып отырған «Бақты» өткізу пунктінде кедендік операцияны жүргізудің орташа уақыты 74 минутты құрап отыр.
АҚПАРАТ
01 сәуір 2014 г.
826
0
Жаңақорған. Ауданда елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығын өткізуге мән беріліп отыр. Осыған сәйкес Жаңақорған кент әкімдігімен арнайы іс- шара жоспары әзірленген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 сәуір 2014 г.
809
0
Одақ кезінде Қызылорда қаласында күріш жаткаларын шығаратын кәсіпорын жұмыс істегені бәріміздің есімізде. Алайда, нарықтық қатынастар енген алғашқы жылдардың ауырпалығының әсерінен ол тоқтап қалды. Республикадағы күріш егістігінің 90 пайызын иеленіп жатқан Сыр өңірі диқандары үшін бұл айтарлықтай өкініш болғаны рас.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
01 сәуір 2014 г.
1 035
0
Жуырда теледидарда болған жүздесу сәтінде мүмкіндігі шектеулі ініміздің «Біз мүгедек емеспіз. Нағыз кембағалдар он екі мүшесі сау бола тұра масылданып ата-анасына, қоғамға жүк болатындар» деген сөзі терең ойға жетелеген еді. Ақиқаты солай. Осынау рухы мықты жандарды өзгелерге үлгі тұтсақ, артық болмас еді. Елбасымыздың Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға айрықша көңіл бөлінгені белгілі. Бұл тұрғыда Арал өңірінде де қарымды қадамдар атқарылуда. Жуырда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазыбек Аяповпен тілдескен едік.
АҚПАРАТ / ҚОҒАМ
01 сәуір 2014 г.
976
0
Kyzylorda-news сайты жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның Италияда жастар арасында өткен «Gardena Spring Trophy – 2014» халықаралық турнирінде жеңіс туын желбіреткенін хабарлап отыр.
АҚПАРАТ
01 сәуір 2014 г.
880
0
Қазекем төрт түлікті түлеткен тіршілікті атакәсіп деп бағалайды. Расында да, біздің халқымыз ертеден-ақ жайлау төсінде мыңғырта мал айдап, оның бабын жасауға ерекше көңіл бөлген еді. Бір кездері тіпті қазақ даласында отар-отар қой өріске шығып, оның басын 50 миллионға жеткізуге құлшыныс болған. Қазір қайтадан мал шаруашылығына бетбұрыс бар. Әрине, заң басқа, заман басқа дегендей. Елімізде осы мақсатта арнайы бағдарлама қабылданды. Ет экспорты бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге арналған «Сыбаға» бағдарламасы қарапайым еңбек адамы үшін негізгі тірліктің көзіне айналып отыр.
ДӘУЛЕТ
01 сәуір 2014 г.
1 916
0