
Ұсынысты сұраныс тудырады.
Қытайдан келетін көкөніс пен жеміс-жидектердің біздің азық-түлік нарығында үлесі үлкен екені анық. Осыған орай, биылғы жыл басынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» (Шығыс Қазақстан облысы) және «Покиту» (Қытай Халық Республикасы) өткізу пункттері іске қосылды. Екі жақты бұл жобаның мақсаты – Қазақстанға Қытайдан келетін көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерінің жылдам әрі заңды өтуін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасаудың бір шарасы болып отырған «Бақты» өткізу пунктінде кедендік операцияны жүргізудің орташа уақыты 74 минутты құрап отыр.
Ақпан айының аяғында «жасыл дәліз» тәжірибесін бағалау үшін ҚР Кедендік бақылау комитетінде екі жақты кездесу өткізіліп, алғашқы қорытындылар талқыланды. «Бақты» өткізу пункті арқылы өтетін өнімдердің қатарын, негізінен, томат пен мандарин, алма мен қияр, бұрыш пен сарымсақ құрайды екен. Алғашқы екі айда 9,3 мың тоннаның, яғни 9 млн. 558 мың АҚШ долларының көкөніс пен жемістері өткен.
Әрбір үйде күнделікті қолданылатын осы азық-түлік түрлерінің кеден шекарасынан өткізілуі жедел болуы үшін қолға алынған «жасыл дәліз» тәжірибесіекі жақты тауар айналымының өсуіне де себебін тигізетін болады.
Бақыт ОРДАНОВА,
облыс бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.