ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

Қазақ халқының кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл-ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай-ақ дәулескер шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас. Қолөнер шеберлерінің жан дүниесінен жүрек талғамымен өріліп шыққан туындылар адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, өмірге көзқарасын оңалтады. Ақиқатында, бұл – шебердің нағыз шеберінің қолынан келетін құдірет. Себебі, шебердің ол маңдай тері, ақыл-парасаты, талғам түсінігі, өмірге көзқарасы, дүниетанымы өзіндік жүрек қалауымен қайталанбас қолтаңбасынан көрініс табатын болса.
ТАҒЫЛЫМ 22 қазан 2013 г. 4 723 0
ЕҢБЕК ДӘСТҮРІНЕ ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕК ДӘСТҮРІНЕ ҚҰРМЕТ

Машбек Нәлібаев ауылында еңбек ардагері, «Құрмет» белгісі орденінің иегері Машбек ақсақалдың атындағы дәстүрлі спорттық турнирлер өткізілді. Қызықты ойын барысында Қызылорда облыстық сотының командасы волейбол және шағын футболдан көш басына шығып, бірінші орынды жеңіп алса, волейболдан екінші орынға облыстық төтенше жағдайлар мекемесінің командасы, ал үшінші тұғырға Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы тұрақтады. Ал футбол додасында екінші орынды Қызылорда облыстық «Халық банкі» филиалы иемденсе, үшінші орынға Жаңақорған ауданының командасы көтерілді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДОДА 22 қазан 2013 г. 1 183 0
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ РЕКОРДТЫҚ ӨНІМ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ РЕКОРДТЫҚ ӨНІМ

Сыр жерінде күріш дақылы қашаннан бастап егілді? Бұл сауал төңірегінде түрліше жорамал айтылады. Кейбір ғалымдар оған жергілікті жұрт өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап көңіл бөліп келеді дейді. Ендігі бірі одан да ертерек кезеңде біздің жерде егілгенін тілге тиек етеді. Қалай десек те, бүгінгі таңда елдегілер үшін күріш өндірісі негізгі тіршілік көзіне айналғаны белгілі. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ 22 қазан 2013 г. 1 847 0