Демалыстан кейін қазақстандықтардың 16 пайызы күйзеліске ұшырап, жұмысқа шыққысы келмейді

Демалыстан кейін қазақстандықтардың 16 пайызы күйзеліске ұшырап, жұмысқа шыққысы келмейді

 Сауалнамаға қатысқан кеңседе қызметкерлерінің 33 пайызы жұмыс туралы ойлаудың өзінен күйзеліске түседі екен. Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 21-25 наурыз аралығында бес күн бойы демалды. Сондай-ақ, көптеген кеңсе қызметкерлері еңбек демалысын 19-20 наурызға рәсімдеп, нәтижесінде 9 күн қатарынан демалды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 577 0
Соттарға кіру жөнінде жаңа қағидалардың жобасы әзірленді

Соттарға кіру жөнінде жаңа қағидалардың жобасы әзірленді

ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР жергілікті соттарының, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінде жаңа қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар)  жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 649 0
WHATSAPP-қа өзгерістер енді

WHATSAPP-қа өзгерістер енді

 WhatsApp енгізген жаңа қызмет түрі ақыны QR-код арқылы қабылдайды. Ақы аталған код сканерленген соң алынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.WhatsApp мессенджеріне дәл қазір тестілеуден өтіп жатқан жаңа қызмет түрі енгізілді. Оның көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы төлем жасауға болады. Яғни осы қызметтің көмегімен қолданушылар тізімдегі адамдарға ақша жібереді немесе онлайн дүкендер ақшасын төлейді.Аталған қызмет түрін әзірге 2.18.93 нөмірлі Android қолданады. Оны Google Play Store интернет дүкенінен жүктейді.Бұл қызмет түрін WhatsApp төлем опциясы арқылы қосады. Кейін баптаулар батырмасын таңдап, төмендегі жаңа төлем батырмасына қарай өтесіз. Сол жерде QR-кодты сканерлеу опциясы орналасқан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 657 0
Қоғамдық көлікті әнмен әрледі

Қоғамдық көлікті әнмен әрледі

Салт-дәстүріміз бен қазақи құндылықтарымызды насихаттауды басты міндет санайтын аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы Наурыз мерекесінде қала тұрғындарына тосынсый жасады. Ұлттық киім киген жігіттер мен қыздар қоғамдық көліктерге мініп, қазақ композиторларының әндерін шырқады. Домбыраның шанағынан күй төгіп, мерекенің мәнін аша түсті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 599 0
ЖАСТАР СЪЕЗІНЕ 43 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСАДЫ

ЖАСТАР СЪЕЗІНЕ 43 ДЕЛЕГАТ ҚАТЫСАДЫ

 Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Брифингке «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес және «Жас Отан» Жастар қанаты орталық кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 613 0
Сол жағалаудағы алғашқы мөлтек аудан пайдалануға беріледі

Сол жағалаудағы алғашқы мөлтек аудан пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін Сырдарияның сол жағалауындағы алғашқы мөлтек аудан ашылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 651 0
Қызылордада облыстық кәсіпкерлер форумы өтті

Қызылордада облыстық кәсіпкерлер форумы өтті

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Палатаның ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ІІ облыстық кәсіпкерлер форумы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 612 0
Қанат Ислам келесі жекпе-жегі қайда өтетінін айтты

Қанат Ислам келесі жекпе-жегі қайда өтетінін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) EsNews-ке берген сұхбатында келесі жекпе-жегі туралы бірқатар ақпарат берген, деп хабарлайды Sports.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 549 0
АСТАНА МЕН СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

АСТАНА МЕН СОЛТҮСТІК ОБЛЫСТАРДЫ ГАЗДАНДЫРУ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қараөзек – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана газ құбыры жүргізіледі. Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру алдағы 1 жарым жылда жүзеге асады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 632 0
Ақтөбе облысында Нива көлігін сүйреген әйел жұртты таңғалдырды

Ақтөбе облысында Нива көлігін сүйреген әйел жұртты таңғалдырды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны Мәдина Нұрмағамбетова тақалы етік киіп Нива көлігін сүйреді. Наурыз мейрамы қарсаңында осындай ерлік көрсеткен әйел жұртты таңғалдырды. Ол жарыс кезіндегі видеосын өзінің желідегі парақшасына жариялады. 4 балалы ана Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді.  Оның бұл әрекетін желі қолданушылары ерсі көрсе, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді.«Наурыз мерекесі күні бізде мәдени-спорттық шара өтті. Алғашында Нива көлігін ер азаматтар сүйреді. Кейін мектеп директоры Бекжан Қарасаев мерекелік көңіл-күй үшін бақ сынап көруді ұсынды. Көлік сүйреуге келісімімді беріп, 14 секундта 3-5 метр қашықтыққа сүйредім. Бізде бірінші орын, бас жүлде деген жоқ. Әркім өзіне сый алды», – деген Мәдина Нұрмағамбетова, ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.  Ақшатау ауылының тұрғыны от жағып, күл шығарады, мал жайлайды. Қара жұмысты өзі атқара беретін тәрбиеші сол күні аяқ-қолының бұлшық еті ауырғанын жасырмады.«Көлікті сүйреу қиын. Бірақ бар күшімізді салдық. Менімен бірге көпбалалы әйел де көлікті сүйреді. Кейін қолым мен аяғымның бұлшық еті ауырды, сырқырады. Бәрін ұмытып кеттік», – деді көп балалы ана.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 544 0