Қанат Ислам келесі жекпе-жегі қайда өтетінін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) EsNews-ке берген сұхбатында келесі жекпе-жегі туралы бірқатар ақпарат берген, деп хабарлайды Sports.kz.

– Сіз енді Америкада рингке шығасыз. Келесі кездесу қайда өтеді?

– Вегаста.

– Кіммен?

– Әзірше білмеймін. Маған кім болса да маңызды емес.

Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белдіктерін иеленген. Соңғы рет ол 2017 жылы 9 қыркүйекте Астанада канадалық Брэндон Кукпен (19-1, 12 КО) кездесіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Қанат жақында Top Rank промоутерлік компаниясымен келісім жасасқан. Бұл – екінші орта салмақтағы атақты Василий Ломаченконың (10-1, 8 КО) ісін жүргізетін компания. Сондай-ақ, Қанат Ислам Окснардта (Калифорния штаты,  АҚШ) осы украиналық боксшының тағы бір бапкері Марко Контрерастың қарамағында шеберлігін шыңдап келеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2018 г. 549 0