Жаңақорғанда мектептің шатыры ұшып кетті

Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылындағы №161 орта мектептің шатыры қатты желдің әсерінен  ұшып кетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2020 г. 588 0

Қазалыда тойхана иесі 7 тәулікке қамалды

Қызылорда төтенше жағдай режимін бұзған тойхана иесі әкімшілік қамауға алынды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2020 г. 767 0

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды: Індетке шалдыққандар саны 79 болды

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2020 г. 347 0

Тұман, күшті жел – Сәрсенбіге арналған ауа райы

Сәрсенбіде елімізде ауа райы ашық болады, тек кей дерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2020 г. 395 0

Коронавирус жұқтырған соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырып тіркелген соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына  сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 наурыз 2020 г. 385 0

Елжан Біртанов коронавирустан емделген бірінші қазақстандықтың ауруханадан қашан шығатынын айтты

Осы аптаның соңында коронавирустан емделген қазақстандықтар ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Белгіленген алгоритмге сәйкес, науқастарға 14 күн бақылау жасаймыз. Ауырған адамдардан сол 14 күннің ішінде бірнеше рет қан сынамасын алып, емдейміз. Кейбір азаматтар жеңіл жағдаймен жатыр, ешқандай симптомдары жоқ. Оларды бақылап, жағдайлары дұрыс болса осы аптаның соңына қарай ауруханадан шығарып, үйлеріне жібереміз. Құдай қаласа емделді, дені сау, жағдайы жақсы деп шығарамыз»,- деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 536 0

Тағы екі облыстан індет жұқтырғандар анықталды

Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағаттағы жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді. BAQ.KZ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 492 0

Қазақстанда коронавирус шырқау шегіне жетіп, қашан төмендейді?

Сәуір айының ортасына қарай коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері төмендей бастауы тиіс. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Төтенше жағдай режімін ұзарту эпидемиологиялық жағдайға, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына байланысты болады. Біз 15 сәуірге қарай вирусқа шалдығу төмендей бастайды деп үміттенеміз. Мұндай жағдайда шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтын болады. Біз мемлекеттік комиссияда күн сайын бұл ахуалды қарастырып отырамыз. Дегенмен, жағдай теріс өрбитін болса, онда төтенше жағдай режімінің ұзартылатындығы сөзсіз», - деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода. Оның атап өтуінше, болжамға сәйкес, сәуір айының алғашқы он күнінде коронавирусқа шалдығу дерегі шырқау шегіне жетуі мүмкін. «Дегенмен, қабылданған карантиндік шаралар біздің есептеуімізше аурудың таралуын шамамен 50 пайызға төмендетіп отыр. Сондықтан карантиндік шараларды сақтау барынша маңызды және ол мұнан ары да қатаңдатылуы мүмкін. Оны кеше Президентіміз де айтқан болатын. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді», - деді Елжан Біртанов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 487 0

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 522 0
Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиодағы Жазғы олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары бір жылғa, 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Олимпиада комитеті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 444 0